AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Төрегелді Шармановты соңғы сапарға шығары...

Алматыда Төрегелді Шармановты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Әлеумет 26.05.2024, 19:33 1,040
Алматыда Төрегелді Шармановты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті
Сурет: ашық дереккөзден

2024 жылы 26 мамырда аса көрнекті ғалым, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өтті. 

Қаралы жиында академик қазасына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтын жолдаған көңіл айту жеделхатын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов оқыды.

Көңіл айту хатында Төрегелді Шарманұлы саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі болғаны атап өтілген.

"Сондай ақ, қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, дүниежүзі ұйымы ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді", делінген мемлекет басшысының көңіл айту хатында.

Қаралы жиынға Үкімет мүшелері, қала әкімі, Парламент депу­таттары мен қоғам қайраткерлері, Төрегелді Шармановтың туған-туыстары қатысты. Жиналған жұрт 94 жасқа қараған шағында өмірден озған академиктің саналы ғұмырында ел дамуына қосқан үлесін, қайраткерлік қыры, кәсіби білігі, азаматтық келбетін еске алып, жақын-жуығына көңіл айтты.

Төрегелді Шарманов Кеңсай зиратына жерленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Төрегелді Шарманов #қоштасу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);