AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Төрегелді Шармановты еске алады

Алматыда Төрегелді Шармановты еске алады

Әлеумет 19.10.2024, 11:13 1,313 Nursok82
Алматыда Төрегелді Шармановты еске алады
Сурет: Сайлау 2023 ТГ

2024 жылғы 19 қазанда Қазақ тағамтану Академиясына 50 жыл, сондай-ақ «Нутрициология» кафедрасының 30 жылдығына арналған еске алу кездесуі өтеді. Бұл шара академик Төрегелді Шармановтың туған күніне орайластырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Академик Төрегелді Шарманұлы Шарманов — “Қазақстанның Еңбек Ері”, екі мәрте ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Леон Бернард атындағы сыйлығының иегері. Ол Қазақ тағамтану Академиясының негізін қалаушы және тұрақты президенті.

Академия Төрегелді Шармановтың басқаруымен тағамтану саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бірегей база құрды. Зерттеулер салауатты тамақтану, азық-түлік қауіпсіздігі, балалар және функционалдық тағамдық өнімдерді құрастыру, ғарышкерлер мен әскери қызметкерлерге арналған тағам өнімдерін әзірлеу салаларына бағытталған.

«Нутрициология» кафедрасы 1994 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ұйымдастырылды. Бұл кафедра посткеңестік кеңістіктегі алғашқы және жалғыз кафедра болып табылады, медициналық ЖОО-да студенттерді дайындау мақсатында қызмет атқарады.

Кездесуде «Нутрициология» кафедрасының құрылуының 30 жылдығына орай академик Т.Ш. Шармановтың есімін тағайындау рәсімі өтеді. Еске алу кездесуі барысында денсаулық сақтау саласының жетекшілері, ғалымдар және қоғам қайраткерлері қатысады.

Шара: 19 қазан 2024 жыл
Мекенжайы: Алматы қаласы, Клочков к-сі 66, ғимараттың кіреберісі және Қазақ тағамтану академиясының мәжіліс залы.

Бұл шара тағамтану ғылымы мен мамандар даярлаудағы маңызды жетістіктерді атап өту үшін ұйымдастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Төрегелді Шарманов #Тағамтану #Нутрициология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);