AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда тоқыма қалдықтарын қайта өңдеу және әйелд...

Алматыда тоқыма қалдықтарын қайта өңдеу және әйелдерді қолдау жөніндегі бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр

Барлығы 14.10.2025, 15:01 767
Алматыда тоқыма қалдықтарын қайта өңдеу және әйелдерді қолдау жөніндегі бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр
Алматы әкімдігі

Экология және қамқорлық: Жетісу ауданындағы "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығы "Фабрика" экожобасына қатысты

Алматыда "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында тоқыма қалдықтарын жинау және қайта өңдеуге бағытталған "Фабрика" экологиялық жобасы жүзеге асырылып келеді. 2025 жылы 8 қазанда Жетісу ауданындағы "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығында жобаны бірлесіп жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойылды.

"Фабрика" жобасы Жетісу ауданында қарқынды жүзеге асырылып келеді: тұрғындар ескі киім-кешек, төсек-жабдық, сүлгі және басқа да тоқыма бұйымдар тапсырады. Барлық материал сұрыпталып, қайта өңделеді, матаның бір бөлігі жаңа тоқыма өнімдері мен тұрмыстық материалдар ретінде, ал жарамды заттар қайырымдылық ұйымдарына беріледі.

Меморандум аясында "Бақытты отбасы" орталығы өмірінде қиындық болып жатқан әйелдерді жұмыспен қамтуға және қайта өңделген материалдардан өнім тігуге жауапты. Орталық айына 1000 данаға дейін бұйым өндіре алады. Бұл жоба экологиялық, сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылықты да қамтамасыз етеді.

"Фабрика" жобасының басты мақсаты – тоқыма қалдықтарының көлемін азайту, қоршаған ортаға түсетін жүктемені төмендету, қала тұрғындары арасында саналы тұтыну мәдениетін дамыту, сондай-ақ, қайырымдылық пен жұмыспен қамтуды қолдау. "Бақытты отбасы" орталығының қатысуымен экологиялық бастама мен әлеуметтік миссияны біріктіретін жаңа кезең басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тоқыма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);