AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында әл...

Алматыда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтеді

Барлығы 17.11.2025, 17:27 651
Алматыда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2025 жылы 17-23 қараша аралығында Алматы қаласында U-15 және U-17 жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді. «Зенит» спорт орталығында (Алматы қ, Санаторная көшесі, 14а) өтетін әлемдік додаға 21 елден жас спортшылар қатысады.

Чемпионат 18 қараша күні сағат 14:00-де жарыс өтетін жерде салтанатты түрде ашылады. 

Тоғызқұмалақ — көшпелі халықтардың ежелгі зияткерлік ойындарының бірі, мәдени мұра ретінде танылған құндылық. Алматы қаласы әлем қауымдастығының назарын қайта өзіне аудармақ: тоғызқұмалақтың жас шеберлері жоғары дайындық деңгейін және стратегиялық ойлау қабілетін паш етпек.

Жарыс үш форматта өтеді: классика (онлайн және офлайн), рапид және блиц.

Қатысушылар жеке және командалық сында бақ сынайды.

Әлем чемпионаты Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы әлем чемпионаты 2023 жылы Алматыда өтіп, оған 17 мемлекеттен 136 спортшы қатысқан болатын. Ал биыл турнир ауқымы кеңейіп, 21 елден 180 жас ойыншы қатыспақ. Олардың қатарында Орта Азия елдерімен қатар Моңғолия, Пәкістан, Қытай, Үндістан, Германия, Италия, Корея, Түркия және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің спортшылары бар.

Чемпионат 22 қараша күні сағат 14:00-де «Зенит» спорт орталығында ресми түрде жабылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тоғызқұмалақ #чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);