AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматыда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейт...

Алматыда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық отырысы басталды

Саясат 29.03.2022, 04:47 1,634
Алматыда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық отырысы басталды
Сурет: Banco.az

Шара ұйымның 30 жылдық мерейтойына арналды.


Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің жиыны басталды. Аталмыш шара ұйымның 30 жылдық мерейтойына арналды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Салтанатты отырысқа ТМД ПАА Кеңесінің төрағасы, РФ Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко бастаған ТМД ПАА қатысушы елдердің парламенттік делегацияларының басшылары қатысуда. 


Шара тарихи жерде өтіп жатыр. Себебі, 1992 жылғы 27 наурызда дәл осы Алматыда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан парламенттерінің төрағалары ТМД Парламентаралық Ассамблеясын құру туралы келісімге қол қойды. Кейінірек оларға Әзірбайжан мен Молдова парламентшілері қосылды. Ассамблея Достастық парламентшілерінің өзара іс- қимыл, саяси, әлеуметтік- экономикалық және ортақ мүддені білдіретін басқа да мәселелерді талқылайтын басты алаңға айналды. 


Ассамблея - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық органы және ол қатысушы мемлекеттердің Парламенттік делегациясынан құрылған. 


Үлгі заңдар мен басқа да құжаттарды әзірлеу - ТМД ПАА-ның негізгі міндеттерінің бірі. 


Ассамблея қабылдаған құжаттар бағыт-бағдар ретінде қызмет етеді. Қазіргі уақытта Парламентаралық Ассамблея 600-ден астам үлгі құжатты қабылдады. 


Сайлау мен референдумдарды бақылау – Ассамблея жұмысының тағы бір маңызды бағыты. Сонымен қатар ТМД елдеріндегі сайлау процестеріне мониторинг жүргізеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ассамблея #ТМД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);