ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда ТМД бойынша алғаш рет жүрек қақпашасына п...

Алматыда ТМД бойынша алғаш рет жүрек қақпашасына протез қойылды

Медицина 25.04.2023, 20:30 1,671
Алматыда ТМД бойынша алғаш рет жүрек қақпашасына протез қойылды
Сурет: Ашық дереккөз
Операцияны Сауд Арабиясынан келген профессор Мұхамед Саллах Алрешхидан жасады

Операцияны Сауд Арабиясынан келген профессор Мұхамед Саллах Алрешхидан жасады


Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу (ҒЗИ) институтының базасында ТМД бойынша алғаш рет жүрек қақпақшасының жаңа биологиялық протезін импланттау операциясы жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


52 және 60 жастағы екі науқасқа бірегей операцияны Сауд Арабиясынан келген профессор Мұхамед Саллах Алрешхидан жасады. Оған еліміз өңірлеріндегі жетекші кардиохирургия клиникаларының кардиохирургтары қатысты.


ҒЗИ басқарма төрағасы Марат Пашимовтің айтуынша, бүгінде медицинадағы жаңа технологиялар мыңдаған адамның денсаулығын қалпына келтіруге көмектеседі.



«Бүгін біздің клиниканың базасында ТМД аумағында алғаш рет Сауд Арабиясының жетекші кардиохирургінің қатысуымен жүректің қолқа қақпақшасын ауыстыру үшін соңғы буындағы биологиялық протез имплантацияланды. Бұл биологиялық жүрек қақпақшасының протезі клапан инновациясының 40 жылдан астам тәжірибесіне негізделген. Тәжірибедегі ең үздігі жинақталып, бүкіл әлемдік тәжірибені біріктіре отырып, жаңа буын клапаны құрылды, ол жоғары гемодинамикалық көрсеткіштерімен, пайдалану жеңілдігімен және беріктігімен, Варфаринді қолданудың қажеттілігінің болмауымен ерекшеленеді», - дейді Марат Пашимов.



Дәрігердің сөзінше, митральды қақпақша ақаулары бар екі науқас жүрек аймағындағы ауырсыну, физикалық жүктеме кезінде ентігу, тез шаршау және тағы басқа шағымдармен стационарға түскен. Оларға хирургиялық араласу ұсынылды.



«Жүрек қақпақшаларын протездеу технологиялары үздіксіз дамып келеді. Жүрек қақпақшаларын протездеу операциясы жүрекке қан ағымын қалыпқа келтіру және жүрек жеткіліксіздігінің дамуына жол бермей, жүрекке қосымша жүктемені жою үшін жүргізіледі. Асқыну қаупі жоғары науқастарда, сондай-ақ егде жастағы адамдарда жүрек қақпақшаларының биологиялық протезін қолданған жөн. Биологиялық қақпақшалардың маңызды артықшылығы – қанды сұйылтатын дәрілерді – антикоагулянттарды өмір бойы қабылдаудың қажеті болмайды», - деп атап өтті кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.



Дәрігерлердің айтуынша, жаңа буын жүрек қақпақшасының биологиялық протезі оңай және ұзақ қызмет етеді. Бұл қақпақшаның қызмет ету мерзімі стандартты клапандарға қарағанда ұзағырақ.



«Қақпақша имплантациясы үшін стандартты тәсіл де, стернотомияны қажет етпейтін аз инвазивті техника да қолайлы, бұл кеуде қуысының қаңқасын сақтауға, инфекциялық асқынулардың қаупін азайтып, ауырсыну синдромын төмендетуге көмектеседі. Сондай-ақ, операциядан кейінгі кезеңде тыныс алуды жеңілдетеді, ұзақ уақыт бойы корсет кию қажеттілігін жояды және қалыпты өмірге тезірек оралуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді кардиохирургтар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.