Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда теміржол билетін қолдан сататын алыпсатар...

Алматыда теміржол билетін қолдан сататын алыпсатарлар ұсталды

Әлеумет 22.06.2022, 03:55 996
Алматыда теміржол билетін қолдан сататын алыпсатарлар ұсталды
Сурет: Ашық дереккөз

Заң бұзғандар15 мың теңге айыппұл төлейді немесе 5 тәулікке дейін қамалады


Алматыда теміржол билетін арзанға алып, жолаушыларға қымбатқа сатқан 8 дерек тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Теміржол вокзалында билет тапшылығын өз пайдасына жаратқан пысықайлар азаймай тұр. Олар пойызға билет таппаған жұртқа өз қызметтерін ұсынады. Ол үшін арнайы ақы да сұрайды екен. Заң бұзғандарға айыппұл да тосқауыл бола алмай тұр. Себебі, әкімшілік құқықбұзушылық үшін 15 мың теңге айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін қамалады.  



«Алматы-1 стансасындағы желілік полиция басқармасының қызмет атқару аумағында 1300-ден аса азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жол жүру билеттерін сатып алу қызметін ұсынған 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді  «Алматы-1» желілік полиция басқармасының бөлім бастағы Жандар Әбдіқапаров.



Қаладағы теміржол вокзалдарында қазір жолаушылар ағыны көп. Олардың басым көпшілігі Алакөл мен Балқаш секілді демалыс орындарына асыққандар. Жолаушылар жүрдек пойызға билеттің күрт қымбаттап кеткенін айтады.



«Мен бұрын Қарағандыдан Алматыға 6 мың теңгеге билет сатып алатынмын. Осы жолы бір билет қана таптым. Оның өзі 20 мың теңге деп тұр. Оған не себеп екенін ешкім айтқан жоқ. Сайттан аламызғой біз», – деді жолаушы Ұлпан.



Сөмкелері мен қол дорбаларын арқалағандардың көпшілігі билетті алдын ала алып қойған. Қазір касса алдына келіп, кезекте телміріп тұрып билет алатындардың қатары сирек. Көпшілігі онлайн рәсімдейді.



«Астана қаласына бара жатырмыз. Билетті 1 ай бұрын алып қойдық. Негізі билет тапшылығы бар. Жақындағанда 1-2 күн қалғанда билет пайда болады екен. Оны біз білмейміз ғой», – деді жолаушы Дана Әлиева.



«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы билет тапшылығын жою мақсатында бар мүмкіндік жасалып жатқанын айтты. Ол үшін қосымша пойыздар мен вагондар санын арттыру да қарастырылған екен.



«2019 жылдан бастап біз өзіміздің ресми сайтымызда арнайы портал енгіздік. Ол порталдың мақсаты – алыпсатарларға тосқауыл қою. Бұл сайтта бір адам өзінің жеке кабинеті арқылы санаулы билет ғана сатып ала алады. Қазір жазғы маусымда 158 бағыт бойынша пойыздар қатынап жүр. Оның ішінде 11 бағыт Алакөлге барады», – деді  «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали.



Алакөлге барып демалатын қазақстандықтардың саны бұрынғыдан арта түспек. Себебі, Үшаралдағы әуежайдың ұшып-қону жолағы қайта жаңартылды. Әуежай 10 шілдеден бастап ұшақ қабылдай бастайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пойыз #билет #алыпсатар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.