Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда телефон арқылы жасалған жалған лаңкестік...

Алматыда телефон арқылы жасалған жалған лаңкестік хабарлама дерегі анықталды

Заң мен тəртіп Бүгін 09:35 25
Алматыда телефон арқылы жасалған жалған лаңкестік хабарлама дерегі анықталды
Сурет: ҚР Терроризмге қарсы орталығы

Алматы қаласында полиция мектеп оқушылары таратқан лаңкестік акт туралы жалған хабарлама фактісін анықтады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қала мектептерінің бірінде оқитын үш оқушы сабақ процесін бұзу мақсатында жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы әдейі жалған ақпарат таратқан.

Тексеру нәтижесінде хабарламаның расталмағаны, қауіп-қатердің жалған екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жасөспірімдер бұл әрекетті саналы түрде жасаған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ретінде олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев мұндай әрекеттердің ешқашан қалжың еместігін атап өтті. Оның айтуынша, миналау немесе лаңкестік қауіп туралы кез келген жалған хабар құқық бұзушылық болып табылады және ол міндетті түрде жауапкершілікке әкеледі. Мұндай жағдайларда жедел қызметтер жұмылдырылады, оқу процесі тоқтатылады және білім беру мекемесінің қалыпты жұмысы бұзылады.

Полиция ата-аналарға келесі мәселелерге ерекше назар аударуды ұсынды:

  • балалардың интернетте қайда және қалай уақыт өткізетінін бақылау;

  • олардың қандай чаттар мен онлайн ойындарға қатысатынына қызығушылық таныту;

  • жалған қоңыраулар мен арандатушылық хабарламалар үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіру;

  • жасөспірімдер арасында цифрлық қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылық мәдениетін қалыптастыру.

Құқық қорғау органдары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #телефон лаңкесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл жырлары – жас буын жүрегінде

Бүгін 10:59

Алматыда ауыл шаруашылығы жануарларын тегін вакцинациялау басталды

Бүгін 10:51

Алматыда есірткі контрабандасының жолы кесілді

Бүгін 10:32

Алматыда киберполиция жалған лаңкестік ақпараттың салдары туралы ескертті

Бүгін 10:17

Алматыда ІІМ ата-аналарға үндеу жасады: терроризм туралы жалған ақпарат тарату - қылмыс

Бүгін 10:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі