ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда тексеріс нәтижесінде инженерлік инфрақұры...

Алматыда тексеріс нәтижесінде инженерлік инфрақұрылым бойынша бірнеше мердігер лицензиясынан айырылды

Алматы 15.12.2025, 14:31 322
Алматыда тексеріс нәтижесінде инженерлік инфрақұрылым бойынша бірнеше мердігер лицензиясынан айырылды
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен
Алматыда 2025 жылғы құрылыс маусымының қорытындысы бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру кезінде заңбұзушылықтарға жол берген бірқатар мердігер ұйымны лицензиясы...

Алматыда 2025 жылғы құрылыс маусымының қорытындысы бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру кезінде заңбұзушылықтарға жол берген бірқатар мердігер ұйымны лицензиясы алынды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Алматында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, лицензия жұмыс кезінде талаптардың жүйелі түрде бұзылуына жол берген компаниялардан алынды. Олардың қатарында «AsiaMax» ЖШС, «СК 7 Строй» ЖШС, «Энерджи-Тараз» ЖШС, «Алатау сапа құрылыс» ЖШС бар.

«Жүйелі тексерістер мен жоспардан тыс бақылаулар нәтижесінде сапа мен нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз етпейтін компаниялардың қала жобаларында жұмыс істеуге құқығы жоқ деген қатаң шешім қабылданды», — деді спикер.

Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, жауапсыз мердігерлерге қатысты 30 талап-арыз дайындалып, сот орындарына жолданған. Сонымен қатар, жобалау ұйымдары мен авторлық қадағалау органдарына қатысты да талап-арыз жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде инженерлік желілер мен абаттандыру элементтерінде жобалық шешімдердің дұрыс орналаспау фактілері бар.

Әкім орынбасары анықталған заңбұзушылықтарға байланысты жұмыстарды келісу тәртібі өзгертілгенін атап өтті.

«Ендігі кезекте барлық келісім тек қаланың басқармаларының қатысуымен жүргізіледі. Бұл бақылауды күшейтіп, барлық қатысушылардың жауапкершілігін арттырады», — деді Алмасхан Сматлаев.  

Сондай-ақ спикер мердігер және жобалық ұйымдарға нормативтік талаптарды, жұмыс жүргізу ережелерін және келісу рәсімдерін мүлтіксіз сақтаудың маңызын ескертті. Тиісті рұқсатсыз немесе белгіленген нормаларды бұза отырып жүргізілген жұмыстар қатаң әкімшілік шаралар арқылы тоқтатылады.

«Бұл айыппұлдар, қызметті тоқтату, келтірілген шығынды өтеу, келісім-шарттарды бұзу және лицензиядан айыруға дейін жетуі мүмкін», — деді әкімнің орынбасары.   

Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, қолданылатын шаралар 2026 жылы жоспарланған қалалық жобаларды сапалы әрі мерзімінде жүзеге асыра алатын мықты әрі сенімді мердігерлер тобын қалыптастыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.