Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тегін көшеттерді қайдан алуға болады?

Алматыда тегін көшеттерді қайдан алуға болады?

Әлеумет 23.09.2024, 12:25 1,106
Алматыда тегін көшеттерді қайдан алуға болады?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда көшеттерді тегін тарату бойынша «Жасыл аула» күзгі акциясы басталады

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы жыл сайын өтетін «Жасыл аула» акциясы аясында қаланы көгалдандыру және жасыл қорды сақтау бағдарламасын жалғастырып келеді. Осы маусымдағы акцияның басталуы «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасына орайластырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылдың күзгі кезеңінде қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық орындарды көгалдандыру үшін жапырақты ағаштардың көшетін тегін ала алады.

Көктемгі кезеңде өткен акцияға қала тұрғындары белсенді қолдау көрсетті: жеке және заңды тұлғалардан 200-ден астам өтінім қабылданды. Көктемгі науқанның нәтижесінде тұрғындарға 3 мыңнан астам жапырақты ағаш көшеттері таратылды. Бұл бастама қала тұрғындарының экологиялық белсенділігін арттыру және мегаполис тұрғындары үшін жайлы жасыл аймақтар құру бойынша маңызды қадам болды.

Акцияның күзгі кезеңі азаматтардан өтінім қабылдаудан басталады. 2024 жылдың 23 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында алматылықтар көпқабатты үйлердің аулалары мен жалпыға ортақ аумақтарға ағаш отырғызу үшін көшет алуға өтінім бере алады. Өтінім қабылдаудың басталғаны туралы ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Акцияға қатысу үшін Jasyl.aula.almaty@gmail.com электронды поштасына мынадай мәліметтерді жіберу қажет:

  1. Бастамашыл тұлғаның аты-жөні және байланыс деректері, отырғызылатын жердің нақты мекенжайы;
  2. Жоспарланған отырғызу орнының бірнеше фотосуреті (орынды бағалау үшін панорамалық фотосурет болғаны жөн);
  3. Қажетті көшеттердің санын көрсету.

Көшеттер 2024 жылғы 12-13 қазанда Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Юрий Ким көшесі, 9-үй мекенжайында («Eco Almaty» ЖШС) таратылады. Акцияға қатысатын тұрғындар ағаш отырғызғаннан кейін фотоесеп ұсынуы қажет.

Акция туралы қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының жасыл қор мониторингі және басқару бөліміне +7 771-161-98-50 телефоны арқылы хабарласуға болады.

«Жасыл аула» акциясы – Алматы тұрғындарының шаһарды көгалдандыруға, оны одан әрі жасыл әрі жайлы етудің тамаша мүмкіндігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көшет #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.