ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында эко...

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

Алматы 16.10.2025, 14:14 570
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды

Дархан Сатыбалды: «Таза Қазақстан» – бұл қалаға күнделікті қамқорлық»

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысына арналған жиын өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Кездесуде экологиялық күзгі айлықтың қорытындылары, жалпықалалық сенбілік пен санитарлық тазалыққа бағытталған рейдтер мен алдын алу шараларының нәтижелері талқыланды.

Экологиялық айлық барысында мегаполистің барлық сегіз ауданында сенбіліктер ұйымдастырылды. Әсіресе, арықтарды тазалауға, аялдамалар мен аулаішілік аумақтардың реттілігіне баса мән берілді. 

Сонымен қатар, тұрғындар «Жасыл аула» атты экологиялық акцияға белсене атсалысып отыр. 18-19 қазан күндері аулалар мен көшелерді көгалдандыру мақсатында көшеттер таратылады.


 
Қала әкімі атап өткендей, «Таза Қазақстан» экологиялық бастама ғана емес, коммуналдық қызметтерді, аудан әкімдіктері мен қала тұрғындарын ортақ мақсатқа біріктіретін жүйелі жұмысқа айналды. Дархан Сатыбалды жауапты қызметтер арасындағы үйлесімділікті күшейтіп, тұрғындардан келіп түсетін өтініштер мен шағымдарға дер кезінде жауап беруді және экологиялық мәдениетті арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Алматы полиция департаментімен бірлесе отырып, экологиялық және әкімшілік заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылып келеді.

Жыл басынан бері қала аумағында жүзге жуық заңсыз қоқыс үйінділері жойылды. Олардың материалдары экология департаменті мен аудан әкімдіктеріне жолданып, тиісті шаралар қабылдануда. Қала аумағы тұрақты түрде бейнемониторинг арқылы бақыланып, мәліметтер Алматы полиция департаментінің жедел басқару орталығына жіберіледі. Әкімнің тапсырмасымен заңсыз сұйық қалдықтарды төгуге қарсы күрес те күшейтіліп отыр.

Дархан Сатыбалды атмосфералық ауаның сапасын арттыру, экологиялық мониторинг жүйесін дамыту және тұрғындардың қала тазалығын сақтаудағы белсенділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Әкім экология басқармасы мен полиция департаментіне рұқсатсыз қоқыс төгу, арық жүйелерін ластау сияқты экологиялық заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты рейдтер ұйымдастыруды жүктеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,266 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.