AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «ЭкоРейн...

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «ЭкоРейнджерлер» қозғалысы құрылды

Әлеумет 19.10.2024, 16:01 1,282
Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «ЭкоРейнджерлер» қозғалысы құрылды
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында, «ЭкоРейнджерлер» жасағы құрылып, оған қаламыздың 1000-нан астам жастары қосылды.  

Жастардың бастамасын елімізге танымал блогерлер мен қоғамдық пікір көшбасшылары қолдап, амбассадор болуға ниет білдірген. Бұл бастама жастардың экологиялық өмірге белсенді қатысып, қаламыздың тазалығына үлес қосуға бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«ЭкоРейнджерлер» тобы экологиялық акцияларда, сенбіліктерде және ағаш отырғызу шараларында белсенді қатысуды жоспарлап отыр. Олардың басты мақсаты — Алматының табиғатын қорғау және қоршаған ортаға қамқорлық көрсету.

Сонымен қатар, «ЭкоРейнджерлер» жастарға экология жөнінде білім беру, табиғатты қорғау, жастар арасында эко мәдениетті дамытуға бағытталған семинарлар мен тренингтер өткізуге ниетті. 

«Біз Алматының экологиясын жақсартуға өз үлесімізді қосу үшін осы топты құрдық. Таза қала — баршаға ортақ міндет, сондықтан жастардың белсенділігі аса маңызды. Біз экология мәселелеріне назар аударып, және қала жастарын бізге қосылуға шақырамыз», - жас экорейнджер

Осылайша «ЭкоРейнджерлер» Алматының тазалығына бей-жәй қарамайтын жандарды өздерінің қатарына қосылуға шақыруда. Олар өздерінің белсенділігімен экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосып, қоғамға үлгі болуға ниетті.

Айта кетейік, Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында 18-24 қазан аралығында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қаланы көріктендіру мен көгалдандыруға бағытталған «Жарқын күз» акциясы өтіп жатыр.

«Экорейнджерлер» қатарына қосылу үшін: +7 775 462 31 40

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТазаҚазақстан #ЖарқынКүз #ЭкоРейнджерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);