ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініш қ...

Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініш қабылдау басталды

Әлеумет 22.05.2025, 11:37 712
Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініш қабылдау басталды
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Идеясын іске асырғысы келетін жастар миллион теңгеге дейін ала алады

Идеясын іске асырғысы келетін жастар миллион теңгеге дейін ала алады

Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарын беру мақсатында ауқымды іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында, Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кеңесбай мен «Адырна» қоғамдық қорының жетекшісі Кәрім Ислам осы байқауға толығырақ тоқталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жобаның негізгі мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосатын, заманға сай, білімді, бастамашыл және отаншыл жас ұрпақты қолдау. Гранттар жастардың инновациялық, шығармашылық, ғылыми, кәсіпкерлік, мәдени және әлеуметтік жобаларды іске асыруына мүмкіндік бермек. Өтінішті биылғы 1 мамырдан 1 тамызға дейін қабылдайды.

«Бұл жоба – жастардың ел игілігіне бағытталған идеяларын жүзеге асыруға арналған үлкен мүмкіндік. Біз белсенді жастардың әрқайсысына қолдау көрсетуге әзірміз», – дейді Алмаз Кеңесбай.

Байқау мына бағыттар бойынша өтеді:
•    Ғылым – ғылыми зерттеулер мен жобаларды қолдау;
•    Мәдениет – ұлттық мұраны насихаттау;
•    Ақпараттық технологиялар – IT шешімдер мен стартаптар;
•    Бизнес – жаңа бизнес-идеяларды іске асыру;
•    Медиа – танымдық және пайдалы контент құру.

«Біз жастардың қоғамға пайдалы жобаларды іске асырып, азаматтық белсенділігін арттыруына көмектескіміз келеді. Мақсатымыз идеяны қаржыландыру ғана емес, белсенді жастардың қоғамдастығын да қалыптастыру», - деп қосты Кәрім Ислам.

Әр гранттың сомасы – 1 000 000 теңге. Жалпы 13 жеңімпаз анықталады.

Байқау - өтінімдерді қабылдап, оны бағалайтын екі кезеңнен тұрады. Комиссия құрамына мемлекеттік органның өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар кірген.

Жобаның кеңсесі Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 59 А мекенжайында жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді (сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда).

Қосымша ақпарат пен онлайн өтініш беруге арналған жобаның платформасы: opengrantalmaty.kz

Байланыс телефондары сайтта көрсетілген.

Ұйымдастырушылар Алматының белсенді жастарын байқауға қатысып, өз идеясын жүзеге асыруға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,287 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.