ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Алматыда тауда қалып қойған туристер құтқарылды

Алматыда тауда қалып қойған туристер құтқарылды

Оқиға 02.04.2023, 10:16 1,038
Алматыда тауда қалып қойған туристер құтқарылды
сурет: gov.kz
Қар көшкіні түсіп, бір турист төменге қарай сырғып түскен.

Қар көшкіні түсіп, бір турист төменге қарай сырғып түскен.


Алматылық құтқарушылар қар көщкен кезде тауда болған туристерді аман алып қалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылғы 1 сәуірде сағат 16:35-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне Алматы қаласы ТЖД жедел кезекшісінен шақыру келіп түскен.


Үш адам Бутаков асуынан Букреев шыңына көтеріліп бара жатқан уақытта қар көшкіні жүріп, бір турист төменге қарай сырғып түскен. Осыған байланысты бес адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару тобы көмекке аттанды. Сонымен қатар, адамдарды іздеуге Алматы қаласының Құтқару қызметінің құтқарушылары қосымша жіберілді.


Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекшісі оқиға орнының локациясын жіберген өтініш берушімен байланысқа шықты. Ол туристік маршрут бойынша тауға көтерілу кезінде қар көшкіні салдарынан жолдастарынан қалып қойған. Ешқайда жүрмей, құтқарушылардың көмегін күткен. Туристермен ұялы байланыс арқылы байланысқа шыққан құтқарушылар сағат 18.43-те зардап шеккендермен визуалды байланыс орнатқан.


20 минуттан кейін РЖҚЖ құтқару тобы туристерге жетіп, зардап шеккендерді төменге түсіру жұмыстарын бастады. Сағат 19:55-те туристерді төмен түсіру жұмыстары аяқталды, құтқарушылар оларды Бутаков шатқалындағы автотұраққа дейін жеткізді. Адамдарға медициналық көмек қажет болмады.


ТЖМ құтқарушылары тауда қалған туристерге барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Тауға шыққан кезде өз күшіңізді есептеңіз, құтқару қызметтерінің ауа райы жағдайлары, көшкін қаупі деңгейі туралы ұсыныстарын ескеріңіз, таудағы серуенге өзіңізбен бірге пауэрбанк, су өткізбейтін пакеттегі сіріңке, су, қосымша жылы киім-кешек, GPS навигаторы, т.б қажетті заттарды ала шығыңыз .



«Егер сізге көмек қажет болса, 112 немесе 8(727) 372-15-60 (ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қоңырау шалыңыз», - делінген хабарламада.


 


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.