Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарл...

Алматыда "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру жалғасуда

Әлеумет 11.10.2024, 16:06 1,295
Алматыда "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру жалғасуда
Алматы қаласы әкімдігі

"Тарифті инвестицияларға айырбастау" бағдарламасы аясында Алматыда электр желілерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алматының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Буденеева сөз сөйледі.

Оның айтуынша, "АЖК" АҚ 2024 жылға жоспарланған желілерді модернизациялауға 30,5 млрд теңге бағыттайды, оның ішінде 1,8 млрд теңге қосымша инвестициялар бөлінеді. Осы шаралар электр желілерінің тозуын 2,45%-ға азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Бұдан бөлек, бұл шаралар апаттық жағдайлар мен нормативтік техникалық шығындарды азайтады.

Сонымен қатар, электрмен жабдықтау тарифтерінің өзгеруі электр энергиясын өндіру және тарату бағасына, инвестициялық құрамдас бөліктің өзгеруіне, сондай-ақ экономикалық көрсеткіштерге байланысты екені атап өтілді.

2024 жылдың 15 қазанынан бастап электр энергиясының орташа бағасы өзгеріп, келесідей болмақ:

  • халық үшін ҚҚС-сыз 27,59 теңге/кВт сағ;
  • заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 30,08 теңге/кВт сағ;
  • бюджеттік ұйымдар үшін ҚҚС-сыз 30,47 теңге/кВт сағ.

Жеке тұлғалар үшін тарифтер тұтыну көлеміне байланысты сараланған:

  • бірінші деңгей үшін ҚҚС-сыз 25,06 теңге/кВт сағ;
  • екінші деңгей үшін ҚҚС-сыз 33,11 теңге/кВт сағ;
  • үшінші деңгей үшін ҚҚС-сыз 41,39 теңге/кВт сағ.

Толығырақ ақпаратты https://www.esalmaty.kz/ сайтынан қарауға болады.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тарифтердің өсуіне байланысты өтемақы төлемдерін жалғастыратыны атап өтілді. Жоба аясында 140 мыңнан астам адам ай сайын 0,8 АЕК мөлшерінде әлеуметтік төлемдер алды. Бұл төлемдер 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады.

Алматыда осы санатқа кіретін 333 857 азамат бар, олар әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттарын әкімдіктерге тапсыруы керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тариф #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.