AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда тамыз педагогикалық саммиті өтеді

Алматыда тамыз педагогикалық саммиті өтеді

Барлығы 19.08.2025, 09:07 730 Сұлу
Алматыда тамыз педагогикалық саммиті өтеді
Алматы әкімдігі

Алматыда жыл сайын ұйымдастырылатын тамыз педагогикалық саммиті биыл «Болашақ білімі: адал азамат – білікті маман» атауымен 19 тамыз күні Республика сарайында өтеді.

Тамыз саммиті – қаланың білім беру саласындағы басты оқиға. Ол жыл сайын педагогтарды, сарапшыларды, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ, білім беру ісін дамытуға мүдделі жандардың басын қосады. 

Іс-шараның мақсаты – ашық кәсіби алаң құру, тәжірибе алмасу және ортақ шешімдер іздеу. Саммиттің негізгі өзегі – білім сапасы мен қолжетімділігі, инклюзивтілік, заманауи сын-тегеуріндер және педагог мамандығының беделін арттыру.

Салтанатты бөлім аясында мемлекеттік марапаттар, оның ішінде Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградалары, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі тағайындаған «Үздік білім беру ұйымы – 2025» арнайы сыйлығы табысталады.

Құрметті қонақтардың қатарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Кембридж университетінің профессоры, NTU (Сингапур) деканы Саймон Редферн, Wayground Quizizz AI (АҚШ) компаниясының өкілі Химаншу Ажмера және NTU профессоры Чен Чун-Ан бар.

Бағдарлама аясында бірқатар тақырыптық сессия өтеді. Онда кәсіби білім берудің болашағы мен жаңа экономикаға маман даярлау, STEM/STEAM тәсілдерін оқу үдерісіне енгізу, оқушылардың қауіпсіздігі мен психоэмоциялық жағдайы, инклюзивті білім беру мен төзімділікке тәрбиелеу мәселелері қаралады.

Іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Нұрлан Өнербаев, «Дос-Мұқасан» ансамблі және домбырашы Асылбек Еңсеповтің қатысуымен өтетін мерекелік концертпен түйінделеді.
БАҚ үшін байланыс телефоны: +7 775 989 4746, Асан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тамыз #Тамыз конференциясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);