ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып с...

Алматыда Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Алматы 06.08.2025, 10:53 583
Алматыда Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті
сурет: aqshamnews.kz/Нұрбол Ынтымақұлы
Бүгін, Алматы қаласында Қазақстанның халық қаһарманы, аты аңызға айналған ұшқыш-ғарышкер Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтті. Қаралы жиын Офицерлер үйінде ұйымдастырылды.

Бүгін, Алматы қаласында Қазақстанның халық қаһарманы, аты аңызға айналған ұшқыш-ғарышкер Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтті. Қаралы жиын Офицерлер үйінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Қоштасу рәсіміне марқұмның отбасы мен туыстары, әріптестері мен достары, қоғам және мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты. Қатысушылар қатарында ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы қалалық мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев, Қорғаныс және аэроғарыш саласының басшылары болды. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімін жоғары деңгейде өткізуге арнайы тапсырма берген. 

сурет: aqshamnews.kz/Нұрбол Ынтымақұлы

Астанадан арнайы келген қонақтар сөз сөйледі

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қаралы жиында сөз сөйлеп, марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты:

"Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың қазасына орай баршаңызға қайғырып көңіл айтамын. Қаралы хабар жеткен бойда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоштасу рәсімін ұйымдастыру туралы тапсырма берді. Бүгін Астанадан Қорғаныс министрлігі, Аэроғарыш саласының өкілдері және халық қаһармандары Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов арнайы келіп отыр. Бұл - мемлекет басшылығының Талғат Мұсабаевқа деген ерекше құрметінің белгісі" деді ол.

сурет: aqshamnews.kz/Нұрбол Ынтымақұлы

"Мұсабаевтың есімі ел тарихында мәңгіге жазылды"

Ғарышкер әрі әріптесі, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров қоштасу сөзінде Талғат Мұсабаевтың ғарыш саласына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті:

"Қай жерде жүрсек те, қай ғарыш айлағынан ұшсақ та, қайда кетсек те, біз әрқашан өз кәсібімізге, ғарышқа адал болдық. Өйткені ғарыш бізді біріктірді. Талғат Амангелдіұлы, сен Қазақстан үшін көп іс тындырдың. Сен нағыз патриот едің. Мұны мен де, бүкіл халық та көріп, куә болды. Сен бәрін таза жүрекпен, адал ниетпен жасадың. Ең маңыздысы - сенде әрдайым өзгелерде кездеспейтін идеялар болды. Сол идеяларды іске асыра алдың. Саған соңғы рет қош айтып, отбасыңа, халқыңа мына нәрсені жеткізгім келеді: Қазақстан сені ешқашан ұмытпайды. Сенің атың ел тарихында мәңгілікке жазылды. Жатқан жерің жайлы болсын, қымбатты дос!" деді Тоқтар Әубәкіров. 

сурет: aqshamnews.kz/Нұрбол Ынтымақұлы

Соңғы сапар

Қоштасу рәсімінен кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта қаралы митинг өтті. Марқұм Талғат Мұсабаевтың денесі Кеңсай зиратына жерленді.

Еске салайық, Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев 4 тамызда өмірден өткен болатын. Ол - Қазақстанның ғарыш саласын әлемге танытқан, елдің дамуына үлкен үлес қосқан бірегей тұлға еді. Мұсабаев артында өшпес із, ұрпаққа өнеге қалдырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,270 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.