AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда тағы екі жаңа Белсенді ұзақ өмір сүру орт...

Алматыда тағы екі жаңа Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

Барлығы 10.10.2025, 11:41 581 dulatbekova
Алматыда тағы екі жаңа Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Наурызбай ауданында екі жаңа Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істей бастады

Алматының Наурызбай ауданында Белсенді ұзақ өмір сүрудің екі жаңа орталығы ресми түрде ашылып, ауданның қарт тұрғындары үшін жайлы жағдай жасалып келеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұған дейін жұмыс істеп келе жатқан үш орталық аудандағы қарт адамдадың белсенді, салауатты және дәстүрлі өмір салтын ұстануларына септігін тигізіп отыр. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімдігі хабарлады.

Соңғы жылдары Наурызбай ауданында зейнеткерлер саны 2014 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге өсті. Бүгінде аудандағы қарт адамдар саны 15,2 мыңнан асады. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары аға буынның рухани және мәдени танымына ықпал етіп, әлеуметтік қолдау көрсетіп отыр. 

Жаңа орталықтардың бірі Шұғыла шағынауданында орналасқан (340/35, 13-ші корпус). Орталықта арнайы жасалған бағдарлама бойынша қарт адамдар психологиялық және түрлі дәрістен өтеді. Егде жандар скандинавиялық серуендеуге бірге шығады, хореографияға, түрлі тренингтерге қатысады. Тілдік курстар, үстел теннисі, домбыра, тоғызқұмалақ сабақтары бар. Әркім қалауы бойынша түрлі сабаққа қатысып, белсенділік таныта алады.

Екінші орталық Қалқаман-2 шағынауданы Әшімов көшесі, 253 мекенжайында орналасқан. Бұл орталықтың бағдарламасы бойынша дене шынықтыруға, шығармашылыққа, әлеуметтік қолдауға, мәдени мұраны сақтауға ерекше назар аударылады. Ұсынылатын сабақтардың арасында йога, айкуне, хореография, заңгерлік және психологиялық көмек, IT-сауаттылық, есте сақтауды нығайту, би, кескіндеме, қолөнер, вокал, актерлік шеберлік, ұлттық тағам дайындау, домбыра тарту, түрлі музыкалық жанрлар бар. Ұлттық дәстүрді сақтауға және оларды өскелең ұрпаққа насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді.

«Мен үшін Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бұл шабыт пен шығармашылық ошағы. Мұнда хорға қатысып, ән айтамын, өзіммен пікірлес адамдармен кездесіп, ой бөлісемін. Мұндай орталықтардың егде жандарға берері көп», - деді мәдениет қайраткері, Абай атындағы опера және балет театрының бұрынғы солисі Қанат Құлымжанов.

Ермаханова Күнсұлу Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы хор мен шығармашылық сабақтарға тұрақты қатысып келеді. Ол да хорға қатысып, ән айтып, шеберлік сағаттарына қатысып шабыт алғанын айтты. Бұл – орталықтағы қарттар үшін аса маңызды екен алға тартты. 

Аудан әкімдігінде атап өткендей, жаңадан ашылған екі Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы егде жастағы жандардың бос уақытын тиімді өткізуге, өмір сүру сапасын жақсартуға, денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.
 
Алматыда бүгінде мұндай 19 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы #ашу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);