AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда тағы бір алаяқтың бас бостандығы шектелді

Алматыда тағы бір алаяқтың бас бостандығы шектелді

Оқиға 12.08.2022, 06:01 996
Алматыда тағы бір алаяқтың бас бостандығы шектелді
Сурет: Inform.kz

Сондай-ақ 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.


Алматыда қантты арзан бағаға сатуды ұсынған кәсіпкер алаяқ сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Zakon.kz-тің хабарлауынша, Бостандық ауданының №2 аудандық сотында алаяқтық (ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы) бойынша кінәлі деп танылған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.


Сотта анықталғандай, сотталушы А. 2022 жылдың сәуір айында сауда орталығына келіп, жәбірленушілерге 17 қап қантты арзан бағамен сатып алуды, содан кейін оларға сатып алушыларды тауып, сатуды ұсынған.



«Сотталушының пайдакүнемдік ниетінен бейхабар жәбірленушілер бұл ұсыныспен келісіп, ақшаны алаяқтың есепшотына аударған. Ақшаны алып, сотталушы қылмыс орнынан бой тасалап, телефонын өшіріп, қылмыстық жолмен алынған ақшаны өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, сол арқылы жәбірленушілерге жалпы сомасы 235 мың теңге материалдық залал келтірген», - делінген Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



Бұл қылмыс үшін Қылмыстық кодексте үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.


Сотта прокурор айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінді.



«Сот үкімімен А. алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау орнату арқылы 3,6 жылға бас бостандығын шектеу, сондай-ақ 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды»,  деп мәлімдеді Алматы қаласы Бостандық ауданының No2 аудандық сотының баспасөз қызметі.



Сот жаза тағайындау кезінде кінәні мойындау, өкіну, асырауында кәмелетке толмаған баланың болуы сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескерді.


Үкім заңды күшіне енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қант #алаяқ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);