Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда сырттан келгендерге қатысты жағдай ерекше...

Алматыда сырттан келгендерге қатысты жағдай ерекше бақылауда

Әлеумет 27.09.2022, 15:00 1,221
Алматыда сырттан келгендерге қатысты жағдай ерекше бақылауда
Сурет: vecher.kz

Алматы әкімдігі РФ-дан келушілер санының артуына байланысты арнайы жоспар бекітті


Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде барлық мемлекеттік институттар, әсіресе көші-қон қызметі штаттық режимде жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Спикер Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Алматы қаласының әкімдігі Ресей Федерациясы азаматтарының келуіне қатысты арнайы жоспар дайындағанын хабарлады.



«22-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласына 5 066 РФ азаматы келіп, 4 172 адам оралған. 894 ресейлік қала аумағында қалды. Бұл біздің қала үшін үлкен көрсеткіш емес. Алматының барлық қызметтері түгел қажетті жұмысты орындауға дайын. Мемлекеттік органдар заңға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес барлық қажетті көмекті көрсетеді. Яғни, ешқандай артықшылық болмайды», - деді А. Қырықбаев.



Сондай-ақ ол барлық мемлекеттік мекемелер, әсіресе көші-қон қызметі штаттық режимде жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын баса айтты.


Сонымен қатар, қажет болған жағдайда 2000-ға жуық төсек орынды орналастыруға болады.


Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауының тәулік бойы тегін колл-орталығы жұмыс істейді. Барлық өзекті сұрақтар бойынша 1308 (мобильді қазақстандық ұялы байланыс операторының қоңырауы, тек Алматы қаласында ғана қолжетімді) және +7 727 338 33 88 (қалалық телефоннан қоңырау) телефондарына хабарласуға болады.


Бұдан басқа, көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері, шетел азаматтарының Алматы қаласының аумағында болу ережелері бойынша жедел желі ұйымдастырылды.: +7 727 254-43-17, +7 727 254-46-97.


Әрбір аудан әкімдігінде кеңес беруге дайын жауапты тұлғалар кезекшілік етеді.


Алатау ауданы әкімінің аппараты
299-86-72.


Алмалы ауданы әкімінің аппараты
+7 708 683 0294 WhatsApp.


Әуезов ауданы әкімінің аппараты
303-25-20, 
+7 701 964 3536 WhatsApp.


Бостандық ауданы әкімінің аппараты
274-96-13.


Жетісу ауданы әкімінің аппараты
384-27-74.


Медеу ауданы әкімінің аппараты
291-32-69
+7 702 047 42 73 WhatsApp.


Наурызбай ауданы әкімінің аппараты
305-38-71
+7 708 145 08 01 WhatsApp.


Түрксіб ауданы әкімінің аппараты
251-10-07.


Сонымен қатар, Жетісу ауданындағы «Құлагер» шағын ауданы, Серіков көшесі, 6а мекенжайындағы ХҚКО-да Ресейден келген релоканттарға қызмет көрсету жұмыстары күшейтілді.


Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері – 9:00-ден 13:00-ге дейін, жексенбі – демалыс.
Бірыңғай байланыс орталығы - 1414.


Айта кетсек, осы жылдың 26 қыркүйегінде ЖСН алуға 2070 шетелдік қызмет алушы жүгінген. Бүгін 1700 жүгінді, бәсеңдеуі байқалады.


Мегаполисте шетелдіктер көбейген жағдайда, бұл азаматтарға кедергі жасамас үшін қызмет көрсетуге қосымша орын бөлінеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкімдік #жоспар #Ресейліктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.