AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда сыртқы жарықтандыру басқарудың 800 шкафын...

Алматыда сыртқы жарықтандыру басқарудың 800 шкафын ауыстыру жоспарланған

Әлеумет 23.02.2024, 06:54 1,482
Алматыда сыртқы жарықтандыру басқарудың 800 шкафын ауыстыру жоспарланған
Сурет: Nwlelectro.ru

Жыл басынан бері мегаполисте «Алматы Қала Жарық» МКК күшімен сыртқы жарықтандыруды басқарудың 220 шкафы жөнделді. 


Қала тұрғындарының сыртқы жарықтандыруды басқару шкафының есігінің ашылып тұруына шағым түсінікті, дейді «Алматы Қала Жарық» мамандары. Қазіргі уақытта олар дұрыс қызмет көрсетілмегендіктен, жағдайы мәз емес. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап Алматының сыртқы бақылау жүйесі жеке меншіктің иелігінде болды және тек 2023 жылы қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаланың балансына қайтарылды.



«Айта кету керек, бұл қалқандарда жоғары ылғалдылық пен температураның өзгеруіне жол бермейтін контроллерлер бар. Соның нәтижесінде жабдықтың істен шығып, бақыланбайтын қосу/өшіру жиілеп кетті», - деді «Алматы Қала Жарық» МКК басшысы Игорь Мысик.



Бұрын хабарланғандай, жеке серіктес орнатқан басқару шкафтарының ажыратқыштары сапасыз болып шықты, бұл көше жарығының жиі өшуіне себеп болды. Кей жерде электр нысандары ашық және жерге тұйықталмай, бұл адамдардың өміріне қауіп төндірді.


Бұл жағдайды түзету жұмыстарын «Алматы Қала Жарық» МКК қолға алды. Жеке серіктестің қызмет үшін бюджет ақшасын ала отырып, жарықтандыру нысандарына қызмет көрсету жөніндегі шарттың міндеттемелерін орындамағаны жұмыс үдересін қиындатады және кешіктіреді. Әзірге, барлық жабдыққа тексеру жүргізіп, оны қаланың коммуналдық меншігіне беру керек. 


Сонымен қатар, қалада сыртқы жарықтандыруды басқарудың 800 шкафын ауыстыру жоспарлануда, бұл сыртқы жарықтандыру желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімдігі қала бойынша жарықтандыру мәселесіне байланысты құрамына ABM-Vuilding 2007 компаниялары, «Электроремонт» ЖШС және «ABM-Project» ЖШС құрамына кіретін жеке серіктес-консорциумға қарсы екінші сатыдағы сотта жеңіске жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сыртқы жарықтандыру #шкаф #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);