ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда сырғанақ тепкен төрт бала ауыр жарақат ал...

Алматыда сырғанақ тепкен төрт бала ауыр жарақат алды

Медицина 05.01.2023, 13:24 1,789
Алматыда сырғанақ тепкен төрт бала ауыр жарақат алды
Сурет: Ашық дереккөзі
Мұз айдынында ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз қарқынды терапия бөліміне жатқызылды

Мұз айдынында ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз қарқынды терапия бөліміне жатқызылды


Алматыда сырғанақ тепкен төрт бала ауыр жарақат алды. Дәрігерлер алматылықтарды демалыста қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарақа сілтеме жасап.


Жаңажылдық мереке күндері Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 14 жасар екі бала, 16 және 6 жастағы барлығы төрт бала түсті.


Төбешіктен жоғары жылдамдықпен сырғанап келе жатқан алты жасар бала басқа баламен соғылып қалған.



«Салдарынан кішкентай бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, сол жақ төбе сүйегінің желісі сынды. Жазық эпидуралды гематома диагнозы қойылды. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде жатыр», - дейді Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы травматология бөлімшесінің меңгерушісі Бақыт Қожаханов.



Мұз айдынында ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз қарқынды терапия бөліміне жатқызылды, жағдайы тұрақтанғаннан кейін мамандандырылған бөлімшеге ауыстырылды.



«Мұз айдынында бортпен соқтығысу салдарынан жасөспірімнің көкбауыры жарылып, ішіне қан кетіп, іші тұйық жарақат алған. Ота жасалды, қазір баланың жағдайы тұрақты, бөлімшеде бақылауда жатыр. Ата-аналарға спорттың кез келген түрі және ашық ауада өткізілетін іс-шаралар кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау керек екенін ескертемін», - дейді дәрігер хирургия бөлімшесінің менгерушісі Ерлан Жүсіпбеков.



Мұз айдынында жарақат алған тағы бір науқас 16 жасар қыз ауруханада жатыр. Дәрігерлер балаға жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалу, төбе аймағы жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозын қойды. Бойжеткен жансақтау бөліміне жатқызылды, кейін нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды.


Сондай-ақ 3 қаңтарда 14 жастағы жасөспірім орталыққа жатқызылды, ол Шымбұлақ тау шаңғысы курортынан жеткізілді. Аңғырт сырғанау нәтижесінде балада жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, төбе аймағының соғылуы анықталды.



«Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы басты басымдық болып қалуы керек. Балаға шаңғымен сырғанауға рұқсат бермес бұрын, жабдықтың толық жиынтығына көңіл бөлу керек, баланың қорғаныс дулығасы болуы керек. Үлкен қарлы төбешіктерде жарақат алу мүмкіндігі өте жоғары, балалар өмір сүру сапасына әсер ететін ауыр жарақаттар алады. Біз балалардың денсаулығы мен өмірін бірге сақтауға шақырамыз», - деп қосты нейрохирургия бөлімшесінің менгерушісі Мұхтар Ибрагимов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.