Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәсел...

Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Әлеумет 26.04.2024, 12:09 881
Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жиынға Алматы әкімі Ерболат Досаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Бәшімов, орталық және жергілікті аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Отырысты ашқан мегаполис басшысы Антикормен бірлесіп Алматы тау бөктеріндегі құрылыс саласына сыртқы талдау жүргізілгенін атап өтті. Осы салада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін іс-шаралар кешені іске асырылып жатыр.


Заңнамадағы олқылықты жою үшін қала әкімдігі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасады. Осылайша, қала құрылысын бақылау басқармасы нысандардың сейсмикалық аумақтағы құрылыс талаптарына сәйкестігін тексере алады. Сондай-ақ, басқарма ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін тексеру барысында күрделі нысандарға ҒЗИ-ын тарта алады.


Мәжілісте нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде қала құрылысын бақылау органдарының қатысуын міндеттейтін норма енгізілген құрылыс кодексінің жобасы қаралады.


Қала әкімдігіне Алматы аумағында құрылыс салу қағидаларын бекітуге құқық беретін заңнамалық өзгерістер бойынша ұсыныстар енгізілді. Оларда қауіпсіздіктің белгіленген деңгейін қамтамасыз ету үшін сейсмикалық төзімділік талаптары белгіленеді. Бұл ұсыныстар қолдау тауып, Мәжілісте қарастырылып жатыр.


Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин баяндамасында хабарлағандай, тау бөктеріндегі аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын (ЕТЖ) заңсыз өзгерту фактілерінің жолын кесу, жердің нысаналы мақсатын өзгерту, құрылыс пен бақылау қызметін жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді болдырмау бойынша шаралар қабылданды. Мемлекеттік қызметті цифрландыру кезінде және жерді мемлекет қажетіне алу кезінде тәуекелдер жүйелі түрде жойылады. Егер ЕТЖ-да өзгеріс немесе толықтыру не әкімдік қаулысы болмаған кезде қаланың цифрлық картасын өз бетінше өзгертудің техникалық мүмкіндігі алынып тасталады.


Жиын соңында Ерболат Досаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық алғышарттарының тиімді алдын алу және жою жөніндегі кешенді жұмыс жалғасатынын және тұрақты бақылауда болатынын атап өтті. Қала басшысы әкімдіктің жауапты бөлімшелеріне бірқатар тапсырма беріп, Алматыда, әсіресе тау бөктеріндегі аймақта құрылыс сапасы мен азаматтардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталуы басты басымдықтардың бірі болып табылатынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жемқорлық #Алматы #қоғам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.