Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениеті қал...

Алматыда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениеті қалай қалыптасып келеді?

Әлеумет 25.12.2023, 06:50 1,114
Алматыда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениеті қалай қалыптасып келеді?
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов ӨКҚ брифингінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Спикердің мәліметінше, ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 11 мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 4 сыртқы талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 137 ұсыным енгізілді.



Арман Рахимовтың айтуынша, қалада бизнесті дамытудың тиімділігіне әсер ететін бірқатар проблемалар бар.
 
«Кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында жыл басынан бері іске асырылып жатқан “Бизнеске жол» жобасы аясында 2000-нан астам кәсіпкерді қамтумен 101 кездесу өткізілді, 38 проблемалық мәселе шешілді, 1600-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін ӘҚБтК - нің 173-бабы бойынша 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді спикер.



7 факт бойынша ӘҚБтК-нің 465-бабы бойынша рұқсат беру тәртібі мен мерзімін бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды.



«Біз жұмысты қоғам қайраткерлерімен, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық альянстың өкілдерімен, бизнес белсенділерімен және жастар қозғалыстарының көшбасшыларымен тығыз қарым - қатынаста жүргіземіз», - дейді А.Рахимов.



Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында 180 мыңнан астам адамды қамтитын түрлі форматтағы 750-ден астам іс-шара өткізілді.
 
Әлемдік оң тәжірибелерді ескере отырып, ағымдағы жылдың тамыз айында Агенттік “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жаңа әлеуметтік жобасын іске қосты, оның мақсаты еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бей-жай қарамайтын азаматтарды тарту болып табылады.
 
Алматы қаласында ниет білдіргендер саны 250-ден астам адамнан асатын ел бойынша басқа өңірлермен салыстырғанда азаматтардың ең көп саны болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#антикор #Жемқорлықпен күрес #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.