Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда сүрілген үйлердің орнына қай аудандарда б...

Алматыда сүрілген үйлердің орнына қай аудандарда баспана салынып жатыр?

Әлеумет 03.08.2022, 04:09 1,024
Алматыда сүрілген үйлердің орнына қай аудандарда баспана салынып жатыр?
ustinka.kz
Алматы әкімдігі сүрілген көп қабатты үйлердің орнына баспана қай аудандарда салынып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Алматы әкімдігі сүрілген көп қабатты үйлердің орнына баспана қай аудандарда салынып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Алматы қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы Жетісу ауданында инвестормен бірге Скрябина көшесіндегі 52 пәтерлік 6 үй сүрілді. Олардың орнына 2022 жылдың екінші тоқсанында 304 пәтерлік 4 жаңа үй салынды (1-ші және 2-ші кезең).


Үшінші кезеңнің құрылысы аясында Райымбек даңғылында орналасқан №265, №265а үйі бұзылды. Сонымен қатар Крылов көшесіндегі 24 пәтерлік үш апатты үй сүріліп, оның орнында 184 пәтерлік 2 үйдің құрылысы басталды.


Әуезов ауданында Сүлейменов көшесінің бойындағы бірінші кезеңнің құрылысы аясында 5 апатты үй (40 пәтер) бұзылып, оның орнында 209 пәтерлік 4 үйдің құрылысы басталды.


Сондай- ақ Сүлейменов көшесінің батысы, Жандосов көшесінің оңтүстігіндегі аймаққа қосымша инвестор тартылды. Жеке құрылыс салушы II, V, VI, VII, VIII кезеңдерге үй салу құқығын алды. Осылайша, жобаны аяқтау мерзімі бес жылға – 2033 жылдан 2028 жылға дейін қысқарды.


Түрксіб ауданындағы Молдағалиев-Сауранбаев-Чернышевский-Толстой көшелерінің шаршысында 152 пәтерлік көппәтерлі 7 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.


Айта кетейік, Алматы қаласының тұрғын үй қорын жаңғыртудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда.



Бүгінгі күні «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ қала әкімдігін, «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігін қоса алғанда, уәкілетті органдармен бірлесіп, қаржыландыру мәселесін пысықтап жатыр.



«Қосымша қаржыландыру құрылыс жұмыстарының қарқынын арттырады. Бөлінген қаражат тозығы жеткен үйлерді сүруге, инвесторларды ынталандыруға, сондай-ақ апатты жағдайдағы үй иелерін тұрғын үй қоры ретінде пайдалануға арналған пәтерлерге қоныстандыруға жұмсалады», - деп атап өтті әкімдіктен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,353 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.