ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда сумен қамту деңгейі биыл 99,9%-ға жетеді

Алматыда сумен қамту деңгейі биыл 99,9%-ға жетеді

Әлеумет 05.05.2025, 12:39 686
Алматыда сумен қамту деңгейі биыл 99,9%-ға жетеді
aqshamnews.kz
Алматыда 2025 жылы 260 шақырым су құбыры желісі салынып, қайта жаңғыртылады

Алматыда 2025 жылы 260 шақырым су құбыры желісі салынып, қайта жаңғыртылады

Сумен сапалы қамтамасыз ету үшін 2025 жылы 260 км сумен жабдықтау желілері салынып, реконструкцияланады. Бұл Алматы қаласының тұрғындарын сумен қамту деңгейін 99,6%-дан 99,9%-ға дейін арттырады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Мемлекет басшысына 2025 жылы 1-30 сәуір аралығындағы кезеңдегі есебінде айтылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Биыл 30 сәуірге дейін 190 км желі салуға және жаңғыртуға 23 келісімшарт жасалып, 2025 жылы сәуір айында 16,3 км су желісі салынды.

«Ақсай» өзеніндегі су алатын құрылғының құрылысы 85%-ға орындалды. Ал «Ерменсай» нысаны бойынша мердігерді таңдау үшін 2025 жылы 9 сәуірде байқау жарияланды.

Суды үнемді пайдалану мақсатында 2025 жылдың басынан бері 39 мың жеке су есептегіш құрылғы орнатылды, оның ішінде 8,9 мыңы – сәуірде. Бұл есептегішпен жабдықтау деңгейін 2024 жылғы 67%-дан 2025 жылдың сәуірінде 75%-ға дейін жеткізді. 2025 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2025 жылдың сәуір айында Алматы әкімдігі әзірлеген іс-шаралар жоспарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға арналған Алматы қаласын тұрақты дамытуға бағытталған 41 іс-шара қарастырылған. Мемлекет басшысы үшін тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп белгіленген кестеге сәйкес қалыптастырылады және ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,294 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.