AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда су мен жылуды тұтынудың әлеуметтік нормал...

Алматыда су мен жылуды тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілуде

Әлеумет 08.04.2025, 15:41 958 dulatbekova
Алматыда су мен жылуды тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілуде
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің табиғи монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің басшысы  Ардақ Жаңабаева ресурс үнемдеуді ынталандыру бойынша жаңа шараларды - тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу жобасын ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Су ресурстарын тұтыну мәдениетін арттыру және тұтынушыларды суды және жылуды үнемдеуге ынталандыру үшін табиғи монополиялар туралы заңнамаға «тұтынудың әлеуметтік нормалары» ұғымы енгізілді. Олар «неғұрлым көп үнемдесеңіз, соғұрлым аз төлейсіз» қағидаты бойынша сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау қызметтерін тұтыну көлеміне байланысты жоғары тарифтерді белгілеуге бағытталған», - деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, сумен жабдықтауда тарифтердің төрт деңгейлі жүйесі қолданылады: 3 м³ дейін - ағымдағы тариф; 3 - тен 5 м³ дейін - +20%; 5-тен 10 м³  дейін - +50%; 10 м³ жоғары және есептегіш болмаған жағдайда-қос тариф.

Сонымен қатар, жылыту үшін нормалар тұрғын үйдің ауданы бойынша есептеледі: 100 м² дейін - бекітілген тариф; 100 - ден 200 м² дейін - +10%; 200 м² жоғары-орташа тариф.

Ардақ Жаңабаева сараланған тарифтер арқылы түсетін қосымша қаражат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту ісіне жұмсалатынын айтты. Атап айтқанда, инженерлік желілер жаңартылып, ресурс үнемдейтін технологиялар енгізіледі және есептеу құрылғылары орнатылады.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта «Алматы Су» (3,3 млрд теңгеге) және «Алматы жылу жүйесі» (83 млн теңгеге) инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге өтініштер қаралуда.

«Бұл шаралар инфрақұрылымды дамытып қана қоймай, тұрғын үй көмегі есебінен аз қамтылған отбасыларды атаулы түрде қолдауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Жаңабаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #су мен жылу #тұтыну #әлеуметтік нормалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);