ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының жобал...

Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисі ашылды

Білім және ғылым 03.03.2023, 12:18 1,761
Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисі ашылды
Сурет: Ашық дереккөз
2030 жылға дейін тағы 20 мың орынға жатақхана салу жоспарлануда

2030 жылға дейін тағы 20 мың орынға жатақхана салу жоспарлануда


2023 жылдың 3 наурызында Алматы қаласының Жастар Лофт-орталығында студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисінің ашылуы өтті, оған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жобалық офис жергілікті атқарушы органдарға, жоғары оқу орындары мен инвесторларға студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді жедел және жүйелі шешу үшін алаң ұсынады.


Жобалық офистің негізгі функциялары:
- жатақханалардағы студенттік орындардың тапшылығын шешу бойынша жоғары оқу орындарымен және инвесторлармен өзара әрекеттесу;


- құрылысқа жәрдем көрсету мәселелері бойынша Алматы қаласының жер қатынастары, қалалық жоспарлау және урбанистика, қала құрылысын бақылау басқармаларымен өзара әрекеттесу;


- жоғары оқу орындары мен әлеуетті инвесторлар үшін заңгерлік, консультациялық, сараптамалық және басқа да қызметтер көрсету.


Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы студенттік жатақханалардағы жалпы төсек-орын тапшылығы – 32 мыңды құрайды.


Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 12 мың төсек-орынға, ал 2030 жылға дейін тағы 20 мың орынға жатақхана салу жоспарлануда.


Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жақсарту үшін ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


Жобалық офис Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 22 мекенжайында орналасқан. Барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасына хабарласуға болады – Дания Абдуллина (8 701 491 54 94).

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.