ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда Student’s Week–2025 басталды: жастарға ар...

Алматыда Student’s Week–2025 басталды: жастарға арналған мүмкіндіктер апталығы

Алматы 14.11.2025, 12:41 328
Алматыда Student’s Week–2025 басталды: жастарға арналған мүмкіндіктер апталығы
Сурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Almaty Student’s Week–2025: жастарды экологияға, инновацияға, құқықтық мәдениетке және шығармашылыққа тарту

Алматыда 17 қараша – жыл сайынғы өтетін Халықаралық студенттер күніне орайластырылған Almaty Student's Week-2025 апталығы басталды.

Биылғы іс-шаралар 11–17 қараша аралығында өтуде және 40 мыңнан астам студентті біріктіріп, жалпы қамтуы 100 мың адамнан асады деп күтілуде. Студенттік апталықтың қалай өтіп жатқаны туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қала Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек айтып берді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Спикердің айтуынша, Алматы – әр үшінші тұрғыны жас болып саналатын қала, сондықтан студенттік бастамаларды дамыту мегаполистің жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

«Алматыда 712 мыңнан астам жас тұрады, бұл мегаполис халқының едәуір бөлігін құрайды. Осыған байланысты жастар саясатын дамыту және студенттік бастамаларды қолдау әкімдік жұмысының маңызды бағыты ретінде қарастырылады. Атап айтқанда, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалалық жастар бастамаларына үнемі назар аударып, студенттердің шығармашылық, азаматтық және көшбасшылық әлеуетін дамытатын форматтарды қолдайды», - деді Азиз Кажденбек.

Спикердің айтуынша, Student’s Week бағдарламасы жастарды даму бағыттарының әртүрлі салаларына – құқықтық мәдениет пен қауіпсіздіктен бастап инновациялар, волонтерлік, экология, спорт, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерге дейін – кеңінен тартуға бағытталған. Апта аясында жалпы 150-ден астам іс-шара өтеді, оларға 40 мыңнан астам студент қатысады, ал жалпы қамту 100 мың адамнан асуы мүмкін.

«Student’s Week апталығы Президент белгілеген негізгі идеологемаларға негізделген іс-шаралармен қамтылған. Бұл бағыттар жастардың құқықтық мәдениетін, цифрлық дағдыларын, экологиялық жауапкершілігін және креативтік әлеуетін дамытуға бағытталған. Мұндай тәсіл студенттерді формалды түрде емес, шынайы диалог, практикалық қызмет және қаланың қоғамдық өміріне нақты қатысу арқылы тартуға мүмкіндік береді», - деді Азиз Кажденбек.

Қалада заң және құқықтық сана тақырыбындағы TEDx-семинары, жасанды интеллект пен креативті индустрияларға арналған мастер-кластар, «Таза Student Campus» экологиялық акциясы, StudSport студенттік спорттық жарыстары, «Кешкі саз» шығармашылық акустикалық кеші және Jas IQ интеллектуалдық ойыны өтті. Аптаның соңғы күні ең белсенді студенттер марапатталатын Jana Béles фестивалінің финалына, сондай-ақ жыл сайын жоғары оқу орындарының мықты командаларын жинайтын «Student Life» Жайдарман студенттік ойынына арналады.

«Student’s Week ортақ жастар кеңістігін қалыптастырады, онда әрбір студент өз маңыздылығын сезініп, өзін-өзі дамытуға нақты мүмкіндіктерді көре алады. Бұл жоба студенттік қауымдастықты нығайтып, жастардың өз әлеуетін ашуына, көзқарасы бірдей достар табуына және Алматының белсенді жастар экожүйесінің бір бөлігі болуына жағдай жасайды», - деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, жыл сайын ұйымдастырылатын Almaty Student’s Week жобасы жоғары оқу орындары арасындағы өзара байланыстарды күшейтіп, студенттердің көшбасшылық және шығармашылық құзыреттерін дамытады, азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады және қала жастарының бастамашылдығын қолдайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.