AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшей...

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Әлеумет 17.04.2026, 20:05 667
Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында стационарлық шығарындылар көздеріне бақылауды күшейтуді тапсырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, стационарлық көздер — энергетика нысандары, бизнес субъектілері (қоғамдық тамақтану орындары, моншалар) және жеке тұрғын сектор — қаладағы жалпы шығарындылардың шамамен 40 пайызы болады. Бұл бағытта жүйелі әрі қатаң бақылау орнатудың қажеттігін көрсетеді.

Берілген тапсырмаға сәйкес, барлық нысан заманауи газ тазарту құрылғыларымен жабдықталуға тиіс. Ал шаң түзілу қаупі жоғары кәсіпорындарда шаңды басу технологияларын енгізу міндеттеледі.

Сонымен қатар тұрақты негізде зертханалық өлшеулер жүргізіліп, олардың нәтижелері уәкілетті органдарға ұсынылуы, сондай-ақ экологиялық іс-шаралар бойынша жыл сайын есеп берілуі қамтамасыз етілуге тиіс.

Жекелеген бағыт ретінде экологиялық таза отын түрлеріне көшу мәселесі қарастырылуда. Газдандырылған аудандарда тиісті тазарту жүйелерінсіз қатты отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Ал нысандарды кезең-кезеңімен газға немесе электр энергиясына көшіру жоспарланып отыр.

Бақылау уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан автоматтандырылған мониторинг жүйелері арқылы, сондай-ақ жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер шеңберінде жүзеге асырылады.

Қала әкімі қайталанатын заңбұзушылықтар жағдайында айыппұл салумен шектелу жеткіліксіз екенін айтты. Мұндай жағдайда нысандардың қызметін уақытша тоқтатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылуға тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#атмосфера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);