Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда синтетикалық нашақорлыққа қарсы күрестің...

Алматыда синтетикалық нашақорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері талқыланды

Әлеумет 09.10.2024, 19:35 995
Алматыда синтетикалық нашақорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері талқыланды
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Шаһарымызда қалалық Қоғамдық кеңестің  ұйытқы болуымен «Синтетикалық есірткіқұмарлыққа қарсы іс-қимыл: Алматы қаласының тәжірибесі, кедергісі мен келешегі» атты алқалы жиын өтті.

Өзекті әлеуметтік мәндегі мәселеге арналған басқосу жиынына қалалық салалық басқарма мамандары, құзырлы орган өкілдері, дәрігерлер, психологтар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам мүшелері қатысты. Жиынды ашқан Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынай Көбеева жиылған қауымға «дөңгелек үстел» үрдісіндегі басқосудың мақсатына тоқталып, игілікті істе сәттілік тіледі.

 Шарада қаламыздағы синтетикалық нашақорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері талқыланды. Басқосуда мемлекет тарапынан атқарылатын шаралар, мамандар алдынан шығатын кедергілер, есірткіге тәуелділіктің алдын алу мен оған көрсетілер көмекті жақсарту жолдары қарастырылды. Алқа-қотан басқосуға қатысушылар өзара тәжірибе алмасуға, аталған шараларды жергілікті деңгейде жүзеге  асыруға  қажет практикалық ұсыныстарды талдауға мүмкіндік тапты.

Алқалы жиынды Алтынай Орманқалиқызы мен Нұржан Бауыржанұлы жүргізіп отырды. ҚР Парламент Сенатының депутаты Жанна Асанова аталған жиынға онлайн түрде қатысып, әлеуметтік ауқымды басқосуға қатысушылардың жанды диалогқа ұласуына деген игі тілегін білдіріп, көбіне-көп отбасылық фактормен тығыз байланысты осы бір әлеуметтік кеселдің алдын алуға қатысты лайықты бағдарын берді. Модератор Нұржан Жақыпов 14 жасқа дейінгі жас өрендерді ұлттық идеологиялық тұрғыда тәрбиелеудің тұжырымдамасына тоқталды.

«Есірткіге әуес әр алуан мекемелерден келген ересектер ғана емес, кәмелетке толмаған жеткіншектер де кеңес беруімізді қалап, көмек сұрайтыны рас. Биылдың өзінде есіріткіге тәуелді 12 жасар балаға көмек сұрап, кеңес алуға келді. Қазақта «ауруын жасырған өледі» деген бар, осындай жағдай орын алып отырған соң, мемлекет пен қоғам бұл өзекті мәселеге ерекше мән беріп, айрықша назар аударуы қажет. Мұның өзі бүгінгі күні есірткіге оңай қол жеткізуге болатынының дәлелі емес пе. Көңілге қаяу түсіретін мұндай келеңсіз көрініс қорқынышқа айналып, виртуальды түрде етек алып барады, – деген психолог-аддиктолог Ғалия Әлжапарқызы есірткіге тәуелділікке дейінгі тұлғаның қалыптасу факторларын айтып берді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Синтетикалық есірткі #жиын #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.