ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда синтетикалық есірткі таратқан күдіктілер...

Алматыда синтетикалық есірткі таратқан күдіктілер ұсталды

Алматы 26.01.2026, 15:32 166
Алматыда синтетикалық есірткі таратқан күдіктілер ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Алматы қаласының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан бір топ адамның заңсыз әрекетін әшкереледі, - деп...

Алматы қаласының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан бір топ адамның заңсыз әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Күдіктілерді қолға түсіру кешкі уақытта жүзеге асырылды. Тінту кезінде олардан әрі қарай байланыссыз тәсілмен, яғни жасырын қойып кету арқылы өткізуге дайындалған ұнтақ тәрізді зат салынған 19 орама тәркіленді.

Сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат азаматтардың өмірі мен денсаулығына аса қауіпті саналатын синтетикалық есірткі — альфа-PVP екені анықталды. Тергеу барысында ұсталған тұлғалардың интернет арқылы жұмыс істейтін есірткі дүкенінің нұсқауы бойынша әрекет етіп, таратушы рөлін атқарғаны белгілі болды. Әрбір жасырып қалдырылған орама үшін төлем цифрлық платформалар мен электронды әмияндар арқылы жүргізілген. Бұл — есірткі бизнесін ұйымдастырушылар өз ізін жасыру үшін жиі қолданатын схема. Бүгінде есірткі бизнесі "жеңіл табыс" ретінде бүркемеленіп ұсынылуда. 

— Жастарды интернет арқылы тез ақша мен толық жасырындық уәде етіп, заңсыз әрекетке тартады. Алайда мұның соңы әрдайым бір — қамауға алу, қылмыстық жауапкершілік және тағдырдың талқандалуы. Полиция мұндай арналарды адам қылмыстық схемаға қанша уақыт қатысқанына қарамастан — бірнеше ай болсын, бірнеше күн болсын — жүйелі түрде анықтап, жолын кеседі, — деді Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. 

Полиция өкілдері есірткінің заңсыз айналымына, тіпті курьер немесе жасырын қойып кетуші рөлінде болса да, қатысу ауыр қылмыс саналатынын және қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Есірткі заттарын интернет арқылы тарату арналарының жолын кесу жұмыстары "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында және есірткі қылмысының алдын алу басымдықтары бойынша жалғасуда.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.