AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Шыңғыс Айтматовтың "Жәмилә" мюзиклінің ха...

Алматыда Шыңғыс Айтматовтың "Жәмилә" мюзиклінің халықаралық премьерасы өтті

Мәдениет 27.11.2025, 11:25 930
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың "Жәмилә" мюзиклінің халықаралық премьерасы өтті
Қайрат Қонысбаев

Алматының Республика сарайында қала тұрғындары қырғыз әдебиетінің дара тұлғасы, классик жазушы Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығына арналған ерекше музыкалық қойылымды тамашалады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Көрерменге ұсынылған бұл тарту - Қырғызстанның Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Ұлттық филармониясының шығармашылық ұжымы дайындаған "Жәмилә" мюзиклі. Өткен көктемде Қырғызстан сахнасында тұсауы кесілген спектакль биыл алғаш рет алматылық ағайынмен жүздесті.

Кеш шымылдығы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде қазақ пен қырғыздың тамырлас, тағдырлас халық екеніне тоқталды.

"Бүгін Республика сарайында өтіп жатқан бұл ерекше кеш - екі елдің рухани байланысын нығайтатын маңызды оқиға. Президент атап өткендей, қазақ пен қырғыз - бауырлас жұрт. Біздің бірлігіміз тарихта із қалдырған ортақ тұлғалармен, мәдениет, дәстүр және өнермен бекемделген. Кеше Ош қаласында Абай музейінің ашылуы осының бір дәлелі болса, бүгін міне, Алматы сахнасында "Жәмилә" мюзиклі қойылып отыр", - деді Ерлан Қарин.

Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов та бұл премьераның екі халықтың достығы мен өзара құрметінің нышаны екенін атап өтті. 

"Шыңғыс Айтматовтың есімі қырғыз ғана емес, қазақ мәдениеті үшін де айрықша қымбат. Оның шығармашылығын алғаш болып қолдап, бағасын берген - қазақ сөз өнерінің алыптарының бірі Мұхтар Әуезов. Сондықтан дәл осы мюзиклдің Алматыда сахналануының өзі терең мәнге ие", - деді ол.

"Жәмилә" - Жәмилә мен Даниярдың нәзік те нәубетті махаббат тарихын Сейіт есімді жігіттің көзімен баяндайтын шығарма. Жылдар бойы сан режиссерге шабыт берген бұл повесть сахнада жаңа тыныс алып, мюзикл жанрында қайта тірілгендей болды. Қойылымда адамдық қадір-қасиет, бір-біріне сүйеу болу, рухани беріктік пен төзім идеялары ерекше айшықталады. Бұл сезімдер көрерменге тек актерлер ойыны арқылы емес, музыка, ән мен би арқылы да жетті.

Даниярдың бейнесін - Құралбек Чокоев, Жәмиләні Сырға Сағынбекова сомдап шықты. Хореографиялық шешімдерге бас балетмейстер Ерлан Қамытбеков жетекшілік етті. Залға жиналған жұрт ұлттық нақыштағы түпнұсқа музыканың қырғыз фольклорымен ұштасуын, тарихи костюмдер мен сахналық көркемдеудің үйлесімін тамашалай отырып, кейіпкерлердің ішкі жан күйзелісі мен қуаныш-қайғысын терең сезіне алды.

Бұл премьера көрерменге рухани серпіліс пен эстетикалық ләззат сыйлап қана қойған жоқ, мәдениетаралық диалогты жандандырып, қазақ-қырғыз байланыстарын жаңа белеске көтерген маңызды оқиға ретінде есте қалды.

Шыңғыс Айтматовтың жүз жылдық мерейтойына арналған бұл мюзикл бүгінде халықаралық ауқымдағы мәдени бастамаға айналып келеді. Алматыдағы қойылымнан кейін "Жәмилә" Баку, Ташкент, Анкара және Еуропаның бірнеше қаласында сахналану жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жәмилә #Мюзикл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);