ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Шығыс қақпасы» полиорталығын дамыту және...

Алматыда «Шығыс қақпасы» полиорталығын дамыту және халықаралық деңгейдегі стадион салу жоспарланып отыр

Алматы 26.12.2025, 16:58 304
Алматыда «Шығыс қақпасы» полиорталығын дамыту және халықаралық деңгейдегі стадион салу жоспарланып отыр
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Түрксіб ауданының сәулетшісі Алмас Манияров қаланың Бас жоспарына енгізіліп жатқан өзгерістер аясында ауданды дамытудың негізгі жобалары туралы айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алматыда Түрксіб ауданының сәулетшісі Алмас Манияров қаланың Бас жоспарына енгізіліп жатқан өзгерістер аясында ауданды дамытудың негізгі жобалары туралы айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, Түрксіб ауданында іскерлік, әлеуметтік және демалыс қызметтерін біріктіретін жаңа «Шығыс қақпасы» полиорталығын құру көзделген. Бұл полиорталық мегаполистің өсу нүктелерінің біріне айналмақ. Сонымен қатар, ауданда халықаралық деңгейдегі спорт стадионын салу жоспарланып отыр. 

«Ауданымызда «Шығыс қақпасы» полиорталығын дамыту қарастырылған. Бұдан бөлек, халықаралық деңгейдегі стадион салу жоспарланып отыр. Оның маңында әлеуметтік, мәдени және демалыс нысандары, сондай-ақ заманауи тұрғын үй кешендері бой көтереді. Сәулеттік стиль қатаң сақталып, тұрғын үйлер жоғары стандарттарға сай болады», — деді Алмас Манияров. 

Сондай-ақ, ол жоба аясында Сейфуллин көшесінен бастап теміржол вокзалына дейінгі аумақта ескі тұрғын үйлерді жаңарту, мектептер, балабақшалар мен емханалар салу, сондай-ақ көше-жол желісін дамыту көзделгенін мәлімдеді. Атап айтқанда, Хмельницкий көшесін Құлжа тас жолына дейін ұзарту жоспарланған. Рысқұлов даңғылынан әуежай маңындағы көлге дейінгі аумақты көріктендіріп, серуендеу аймағы мен қоғамдық кеңістік құру да жоспарға енген.

Алмас Манияровтың айтуынша, Бас жоспарды түзету қала үшін маңызды. Бұл Алматының орталық бөлігін ғана емес, төменгі аумақтарын да бірдей дамытуға, мегаполистің барлық бөлігінде өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.