AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда “Шығыс өркениетіндегі шайырлық дәстүр” ат...

Алматыда “Шығыс өркениетіндегі шайырлық дәстүр” атты жыр кеші өтеді

Әлеумет 24.11.2022, 13:07 1,106 Almaty-akshamy
Алматыда “Шығыс өркениетіндегі шайырлық дәстүр” атты жыр кеші өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыдағы республикалық Достық үйінде  жыршы, әдебиеттанушы ғалым Ұлжан Байбосынованың шығармашылығына арналған “Шығыс өркениетіндегі шайырлық дәстүр” атты жыр кеші өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2022 жылғы 25 қарашада сағат 11.00-де өтетін іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу және қазақстандық этностарды ұлттық құндылықтар аясында топтастыру.


Әрбір халықтың, ұлттың өнері мен мәдениеті, дәстүрі уақыт сынынан өтіп, жалпы адамзат өркениетінің бір бөлігіне айналатыны заңдылық. Соның ішінде әсіресе дәстүрлі өнердің орны, тарихи маңызы ерекше. Қазақ ұлтының тарихында әбден сомдалған, сараланған дәстүрлі өнердің бір түрі - жыршылық пен термешілік. Жыр айту және терме орындау Қазақстандағы барлық этностардың мәдениетінде терең орын алатыны сөзсіз. 


Халық мұрасы болып табылатын жыр, термелерде сол ұлттың тарихы, тағдыры, тұлғалары сөз болып, халықтар мен ұлттардың бейбіт өмір сүруі, өзара ынтымақта, ауызбірлікте болуы сынды гуманистік идеялар басты мотивке айналады. 


Дөңгелек үстел барысында Шығыс өркениеті және дәстүрлі термешілік өнер туралы келелі ой-пікірлер айтылып, саналы ғұмырын ұлттық өнерді насихаттауға, ғылыми зерттеулерге арнап, жыр, термелердің үздік үлгілерін орындап жүрген белгілі жыршы, әдебиеттанушы ғалым Ұлжан Байбосынованың “Шығыс өркениетіндегі шайырлық дәстүр” атты кітабының таныстырылымы өтеді.


Кешке өнер қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және өнер сүйер қауым қатысады. Кештің модераторы - Қансейіт Әбдезұлы профессор, филология ғылымдарының докторы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жыр кеші #ақын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);