AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда шұғыл көмек қызметі дамып келеді

Алматыда шұғыл көмек қызметі дамып келеді

Әлеумет 08.10.2026, 10:01 189

Алматыға жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы филиалының аумағында орналасқан модульдік тікұшақ алаңымен танысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ТЖМ нысанды бес ай ішінде жаңғыртты. Алаңның медициналық мекеме аумағында орналасуы науқастарды әуе көлігімен ауруханаға жеткізіп, оларды жедел түрде дәрігерлерге тапсыруға мүмкіндік береді.

Нысанның аумағы 1 000 шаршы метрден асады. Тікұшақ алаңы жыл бойы және тәулік бойы максималды ұшу массасы 13 тоннаға дейінгі әуе кемелерін қабылдауға арналған. Ол қажетті жабдықтармен, командалық-диспетчерлік пунктпен және автономды энергиямен жабдықталған. Мұндай мүмкіндіктер балаларды, ауыр науқастар мен зардап шеккендерді таулы және жетуі қиын жерлерден шұғыл эвакуациялау кезінде аса маңызды.

Аурухана аумағында Мұрат Мұханов медициналық мекеме басшылығымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, «Барыс» жедел әмбебап құтқару жасағының жұмысымен танысты. Оның құрамына өрт сөндірушілер, құтқарушылар және медицина қызметкерлері кіреді. Бұл құтқару жұмыстарын жүргізу және шұғыл көмек көрсету кезінде қажетті күштерді бір жерге жұмылдыруға мүмкіндік береді. Бұған дейін ТЖМ №4 қалалық клиникалық аурухананың аумағындағы осындай тікұшақ алаңын жаңғыртқан болатын.

2026 жылдың тоғыз айында ТЖМ авиациясы санитариялық авиация желісі бойынша 486 рет ұшу орындап, 466 пациентке медициналық көмек көрсетілді. Әуе кемелері ауыр науқастар мен зардап шеккендерді эвакуациялау, сондай-ақ медициналық бригадаларды жеткізу үшін пайдаланылады. Медициналық мекемелер жанында тікұшақ алаңдарының орналасуы оқиға орнынан ауруханаға дейінгі жолды қысқартып, қажетті қызметтердің медициналық көмек көрсетуге жедел кірісуіне мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);