Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда шетелдік туристер қанша жарна төлейді?

Алматыда шетелдік туристер қанша жарна төлейді?

Әлеумет 20.01.2023, 16:25 1,077
Алматыда шетелдік туристер қанша жарна төлейді?
Сурет: Ашық дереккөз

Өзгеріс заңға 2021 жылы енгізілген болатын


Қазақстанға саяхаттап келгендерден алынған туристік жарна инфрақұрылымды жақсартып, елді жарнамалауға жұмсалады. Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлімдегендей, биыл шетелдіктерден 2 жарым миллиард теңге қосымша қаражат жиналуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Негізі мұндай өзгеріс заңға 2021 жылы енгізілген болатын. Бірақ әлемді жайлаған пандемия салдарынан оны іс жүзінде жүзеге асыру тек биыл қолға алынды


1 қаңтардан бастап Қазақстанға саяхаттап келген әр шетелдік азаматтан туристік жарна алынады. Яғни, олар қонақ үйде тұру құнынан бөлек, қосымша төлем жасауы тиіс.



«Бастаманың өзі, түсініп қарасаңыз, елге қосымша табыс әкелуге септігін тигізеді. Туристерге салық салу - әлемнің дамыған елдерінде бұрыннан бар үрдіс. Оның үстіне, түскен қаражат инфрақұрылымды, отандық туризмді дамытуға жұмсалмақ», – деді қонақ үйдің бас менеджері Арсений Тагаев.



Айта кетсек, Алматыдағы туристік жарна мөлшері қонақ үйге төленетін құнның 5 пайызы көлемінде бекітілді. Сарапшылар болжауынша, биыл шетелден келетіндер саны 400 мың адамнан асады. Ал олардан туристік жарна жиналса, түсетін қаражат мөлшері - 2 млрд 342 млн теңгені құрамақ.



«Саяхаттап жүрген туристер мұнымен таныс. Мысалы, біз де өзге елге барсақ, еш қарсылықсыз, жарна төлейміз. Қоса кететіні, мұндай сома әуе жолына, қонақ үйге төленетін ақшамен салыстырсақ, қымбат деуге де келмейді», – деді «Қазақстан қонақ үйлер және мейрамханалар» қауымдастығының президенті Рашида Шәйкенова.



Туристік жарна көлемін шетелдіктердің келуіне қарай әр өңір өзі анықтайды. Тек мөлшері 1%-дан кем болмауы керек. Айта кететіні, бұл ереже жатақхана иелеріне немесе жалға берушілерге қолданылмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #турист #жарна
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.