AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда шетелдік көліктерін заңдастырғысы келген...

Алматыда шетелдік көліктерін заңдастырғысы келген 84 адам ХҚКО-ға жүгінген

Әлеумет 23.01.2023, 10:10 977
Алматыда шетелдік көліктерін заңдастырғысы келген 84 адам ХҚКО-ға жүгінген
Сурет: Ernur.kz

Бүгін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды.


Алматыда шетелдік көліктерді заңдастыру жұмыстары қалай жүретіні туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Ведомствоның мәліметінше, Алматыда бүгін сағат 12.00-ге дейін шетелдік көліктерді заңдастыруға – ЭҮП (электронды үкімет порталы) арқылы 84 адам жүгінді, қабылданған құжаттар саны 59, 12 өтінім ІІМ-нің өңдеу сатысында, қалған 37 өтінім мақұлдау сатысында.



«Заңдастыру бойынша өтінімді е-gov.kz электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы беруге болады. Ал үйден өтінім беру мүмкіндігі жоқтар кез-келген ХҚО-ның өзіне өзі қызмет көрсету секторлары арқылы беруге болады. Өзімен бірге жеке куәлігі, көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат болуы тиіс. Өтінімде автокөліктің тіркеу деректері қатесіз толтырылуы қажет», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.



Өтінімді Ішкі істер министрлігі қарайды. Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен хабарлама жіберіледі.



«Көлік иелерінің өтінішіне бас тарту келіп жатса, МХҚО-ға барудың қажеті жоқ, себебін білу үшін тікелей мемлекеттік органға хабарласуы керек. Ал өтініші қабылданған болса, автокөлікті тексеру үшін МХҚО-ға онлайн кезекке тұру қажет. Ол үшін мәртебе парағында «кезекке тұру» батырмасын басып, Алматы қаласындағы 4 МХҚО-ның бірін таңдап, соныңда күні мен уақытын белгілеу керек. Белгіленген уақыттан 20 минут бұрын автокөлікті МХО-нын тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін әкелу қажет. Талонды тексеру пунктінде немесе «ХҚО» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады. Автокөлікті тіркеу үшін МХО-ға барып, көлікке меншік құқығын растайтын құжаттың түпнұсқасын және көліктің шетелдік техникалык паспорттын тапсыру кажет. Алдын ала онлайн кезекке тұрмаған жағдайда, азаматтарға қызмет көрсетілмейді», - деді Жаңыл Әпетова.



Шетелдік көліктерді заңдастыру шараларын Алматы қаласындағы келесі МХҚО-лар жүзеге асырады:


№1 мамандандырылған ХҚО - .Саялы ш / а, Аққайнар көшесі, 1
№2 мамандандырылған ХҚО - Майлин көшесі, 85
№5 мамандандырылған ХҚО - Құлжа даңғылы, 9К
№ 6 мамандандырылған ХҚО – Кемел ш / а., Ақсуат көшесі, 118.
Еске салайық, бүгін Алматылық 39 жастағы Сейілбек Олжабеков бүгін 2019 жылы Армениядан әкелінген автокөлігін тіркеді.


Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көлікті заңдастыру #тіркеу #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);