ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзарды

Алматыда шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзарды

Әлеумет 17.08.2021, 13:46 1,244
Алматыда шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзарды
almaty-akshamy.kz
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында шектеу шараларының неліктен ұзарғанын түсіндірді деп хабарлайды...

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында шектеу шараларының неліктен ұзарғанын түсіндірді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Жандарбек Бекшин бұл шешімнің коронавирустық инфекциясы эпидемиологиялық ахуалының ушығуына, халық арасында «дельта» нұсқасының тез таралуына және клиникалық симптомдары бар науқастардың 94%-ға дейін өсуіне байланысты  ұзарғанын айтты.



«Алматыда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, әсіресе білім беру мекемелерінде оқытуды штатты режимде ұйымдастыру қажет», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.



Сондықтан Алматыда қолданыстағы шектеу шаралары 31 тамызды қоса, айдың соңына дейін ұзартылды.


Әлеуметтік-экономикалық нысандар «қою қызыл аймаққа» қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс істейді.



«Ashyq көшбасшылары» мәртебесі бар объектілерге сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі , мұнда нысан ішінің келушілерге толуы 10%-ға дейін артуы әрі медициналық қарсылықтары барларды қоспағанда персоналдың 90 пайызы вакциналануы және соңғы 3 ай ішінде ауырып емделгендердің қатары 20% болуы тиіс. Ashyq жобасында жұмыс істейтін басқа нысандарға сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.



Ashyq-қа қатыспайтын меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтату жалғаса берді.



ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №33-қаулысының 9-тармағының 4-бөлігінде көрсетілген ұйымдар мен объектілерден өзге Ashyq жобасына қатысушылардың барлық кәсіпорындары мен ұйымдары 2021 жылдың 17-31 тамызы аралығында сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмыстарын тоқтатады.



Қала саябақтарында жай күндері, демалыс және мереке күндері, аттракциондар, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану орындарының қызметтеріне тыйым салу күшінде қалады.


Сондай-ақ, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар және соңғы 3 айда емделіп шыққандарды қоспағанда, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерді, жатақханалар мен асханалардың қызметкерлерін вакциналауды аяқтау қажет екендігі көрсетілген. Медициналық қарсы көрсеткіштері бар әрі 3 айда емделген науқастарды қоспағанда 18 жастан асқан студенттерге екпе салуды аяқтау қажет.


Сонымен қатар, Қаулыда студенттер көп жиналатын жерлерде – асханаларда, дәретханаларда, демалыс орындарында ауа рециркуляторларын орнату бойынша ұсынылады; мектептерде бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары бөлек есіктерден ішке кірулері тиіс. Ж. Бекшин барлық мектептердің қызметкерлері мен оқушыларын күн сайын таңертеңгілік фильтрлеуден өткізуді ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.