ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «Шексіз әлем» көрмесі ашылды

Алматыда «Шексіз әлем» көрмесі ашылды

Мәдени Алматы 11.04.2025, 14:23 617
Алматыда «Шексіз әлем» көрмесі ашылды
Фото: Almaty Сreative
Алматыда Медеу ауданының цифрлық кеңсесінде «Шексіз өнер» жаңа арт-жобасының аясында «Шексіз әлем» комиксінің көрмесі ашылды. Жобаның бастамашылары – Almaty Сreative креативті индустрияларды...

Алматыда Медеу ауданының цифрлық кеңсесінде «Шексіз өнер» жаңа арт-жобасының аясында «Шексіз әлем» комиксінің көрмесі ашылды. Жобаның бастамашылары – Almaty Сreative креативті индустрияларды дамыту орталығы мен Медеу ауданының цифрлық кеңсесі.

Француз альянсы ұсынған «Шексіз әлем» комиксінің көрмесі экспрессивті визуалды тіл арқылы біздің планетамыздың экологиясы мен болашағы туралы мәселені көтереді. Көрменің адам аяғы көп жүретін Халыққа қызмет көрсету орталығында ашылғаны құптарлық. Онда кезек күтіп отырған адамдар уақытын босқа өткізбей, бір сәт ғаламдық мәселеге көңіл аударып, оған көрмеде ұсынылған суреттер арқылы үңілетін болады.

Almaty Сreative креативті индустрияларды дамыту орталығы мен Медеу ауданының цифрлық кеңсесі бір ғимаратта орналасқан, яғни бір-біріне көрші. Сондықтан олар ниет, тілек, күш біріктіріп, осындай «Шексіз өнер» бастамасын бірге қолға алып отыр. Бұл өнер мен технология, мемлекеттік қызметтер мен шығармашылық индустриялар өзара әрекеттесудің жаңа форматтарын құра отырып, бір-бірімен қатар өмір сүріп, толықтыра алады деген идеяның табиғи жалғасы іспеттес дейді ұйымдастырушылар.

– «Шексіз әлем» альбомы әйгілі француз комикс авторы Кристоф Блен мен климат саласына маманданған Жан-Марк Жанковичидің таныстығының нәтижесінде пайда болған. Бұл комикс климаттың өзгеруінің себептері мен салдарын терең әрі жеңіл түрде баяндайды. 2021 жылы жарық көрген сәттен бастап үлкен жетістікке жеткен комикс бүгінде бірнеше тілге аударылып, 2022 жылы Францияда 500 мың данамен сатылып, бестселлер атанды.

Франция институты бұл комиксті экологиялық көрмеге айналдыру туралы шешім қабылдап, нәтижесінде Француз альянсы мен Almaty Creative креативті индустрияларды дамыту орталығы бірлесіп бүгінгі көрмені ұсындық. Бұл көрме комикстің негізгі тақырыптарын – энергетика мен климат туралы өзекті тақырыпты қозғайды, – дейді жоба жетекшісі, Almaty Creative креативті индустрияларды дамыту орталығы Салалық даму департаментінің басшысы Шолпан Махмудова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.