ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда шамдар ағаштардың үстінен жарық беруі үші...

Алматыда шамдар ағаштардың үстінен жарық беруі үшін кронштейндер орнатылып жатыр

Әлеумет 05.05.2025, 17:03 755
Алматыда шамдар ағаштардың үстінен жарық беруі үшін кронштейндер орнатылып жатыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Жасыл желектен жарық көрінеді: Алматыда ағаштармен көмкерілген көшелерді жарықтандыру жолы табылды

Жасыл желектен жарық көрінеді: Алматыда ағаштармен көмкерілген көшелерді жарықтандыру жолы табылды

Алматыда биіктігі 4 метр болатын жаңа кронштейндер орнату басталды. Бұл шамдарды ағаштан жоғары орналастырып, көше бойын толық жарықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» МКК басшысы Игорь Мысик мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Алматы өте жасыл қала, мұндағы ағаштардың көптігі – қаланың экожүйесінің бір бөлігі. Көптеген жасыл аймақтағы ағаштар жарық шамдарын көлеңкелеп қояды. Біз басқа мекемелермен бірлесіп, ағаштарды санитарлық тұрғыдан реттеп, енді 4 метрлік жаңа кронштейндер орнатып жатырмыз. Бұл биыл енгізілген жаңалықтың бірі», – деді ол.

Тіректердің биіктігі халықаралық стандартқа сай таңдалады: жолдар үшін 7-ден 12 метрге дейін, ал саябақтар мен скверлер үшін 3-тен 7 метрге дейін.

Сонымен қатар, тротуарды жарықтандырудың жаңа жүйесі енгізілуде. Алмалы ауданында ғана 300-ден астам кронштейн мен дәл сонша шам орнатылған. Қаланың әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен жаяу жүргіншілер өткелдеріне түнгі жарық орнату жұмыстары басталды.

«Кронштейндер жолдың үстіне орнатылып, тікелей жолдың ортасына қарай бағытталады және жарықты мол береді. Бұл шамдарды ағаштардың жапырағы көлеңкелемейді, осылайша жолдың жарық сапасы артады. Қазір мұндай кронштейндер Алматы орталығындағы бірнеше көшеге қойылды, алдағы уақытта оларды басқа ауданға да орнатамыз», – деді Игорь Мысик.

Айта кетейік, 2024 жылы Алматыда 25 мыңнан астам шам ауыстырылып, 250 шақырымнан астам кабель тартылды, 1800 тірек орнатылды. 5000-нан астам ескі шамдар энергия үнемдейтін жарықдиодты (LED) шамдарға ауыстырылды. Бұл шамдар жарығырақ, ұзақ қызмет етеді және әлдеқайда үнемді. Мұның бәрі 2024 жылдың қаңтарынан бастап жарықтандыруды қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан кешенді жұмыстың бір бөлігі. Бұл жұмыстар «Алматы Қала Жарық» МКК-ға өткеннен кейін қолға алынған, себебі бұрынғы жекеменшік консорциуммен келісімшарт бұзылған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,291 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.