Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда шамамен 2,5 млн ағаш отырғызылуы қажет -...

Алматыда шамамен 2,5 млн ағаш отырғызылуы қажет - Айнұр Сарбаева

Әлеумет 25.01.2023, 06:20 1,265
Алматыда  шамамен 2,5 млн ағаш отырғызылуы қажет - Айнұр Сарбаева
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматының бас жоспары талқылануда.


Оның барысында «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директорының орынбасары Айнұр Сарбаева қалада жасыл желекті көбейту керектігін алға тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның айтуынша, экологиялық тепе-теңдікті тұрақты сақтау үшін қалалық экожүйені біріктіріп, биоәртүрлілікті қамтамасыз ететін қаланың тұрақты «экологиялық» қаңқасы жасалады. Оған жаңа рекреациялық аймақтар мен қаланы тау бөктерінен ойпаттарға дейін кесіп өтетін және қаланың табиғи желденуіне жағдай жасайтын «жасыл» өзен дәлізі кіреді.


Ауаның желдетілуі мен атмосферадағы ластаушы заттардың сейілу деңгейін жақсарту мақсатында, ауа айналымының бұзылуына жол бермеу үшін желдің бағытын ескере отырып, қаланы одан әрі дамыту жөнінде шешімдер қабылданады. Жел режимін ескере отырып, құрылыс салудың бас жоспарына түзетулер енгізілетін болады.


Қаланың қазіргі жасыл қоры (шамамен 26 мың га) жылына орта есеппен 1,3 млн тоннаға дейін шаң жинайды, 16 мың тоннаға дейін оттегін өндіреді. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады – зиянды заттардың кері әсерін азайтудың ең тиімді шарасы жасыл қорды сақтау және оны одан әрі тұрақты дамыту болып табылады.


Операторлар (табиғатты пайдаланушы кәсіпорындар) Экология кодексінің нормалары шеңберінде жаңа технологияларды, оның ішінде заманауи шаң-газды тазарту қондырғыларын енгізетін болады.


Белгіленген санитариялық-гигиеналық нормаларға қол жеткізілмеген жағдайда кәсіпорындар Индустриялық аймаққа немесе Алматы агломерациясының басқа аудандарына көшірілетін болады (санитариялық-қорғау аймақтарының белгіленген көлемі сақталады).


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және шамадан тыс рекреациялық жүктемені болдырмау үшін оларға көліктің экологиялық таза түрлерімен ғана кіруге рұқсат етіледі (қазіргі уақытта ауыстырып-отыруға арналған тұрақтар бар және электр таксилері жұмыс істейді), қоршаған ортаға кері әсер ететін объектілерді көптеп салуға рұқсат берілмейді.


Жаңа бас жоспарда міндеттерді шешу үшін:



  1. Негізгі табиғи шекаралар бойынша қала аумағын оңтүстіктен солтүстікке қарай кесіп өтетін сызықтық саябақ белдеулерін құру.

  2. Аллеялар, бульварлар, ауқымды бағыттағы демалыс аймақтары жүйесін ұйымдастыру.

  3. Жаңа бақтар, скверлер, бульварлар, аллеялар, сондай-ақ әуе бассейнін сауықтыруға тиімді әсер ететін ірі саябақ кешендерін құру, сондай-ақ ендік әрі меридиандық бағыттарда өзара байланысты саябақтар, скверлер, бульварлар, аллеялар және басқа да ашық кеңістіктер жүйесін құру.

  4. Қазіргі скверлерді реконструкциялау, кеңейту, абаттандыру және қалпына келтіру, жаңа әсерлі ландшафттар құру көзделген.


Сондай-ақ, жаңа бас жоспарда қала маңындағы рекреациялық аймақтарға үлкен көңіл бөлінген.


Қалада шамамен 2,5 млн. жаңа ағаштың отырғызылуы маңызды.


Қаланы көгалдандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізу  Оңтүстік астанаға Мемлекет басшысының Алматыға сапары кезінде атап өткен «бақша қала» атағын қайтаруға мүмкіндік бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бас жоспар #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.