Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда шам бағанасындағы 2000-нан астам люк ауыс...

Алматыда шам бағанасындағы 2000-нан астам люк ауыстырылды

Әлеумет 26.02.2024, 03:42 823
Алматыда шам бағанасындағы 2000-нан астам люк ауыстырылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2023 жылдың күзінен бастап шам бағанасындағы 2000-нан астам люк ауыстырылды


Алматыда көше жарығын ұрлау және бүлдіру көбейді. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» МКК хабарлады.


Компания басшысының орынбасары Вадим Макаровтың айтуынша, қалада сыртқы жарықтандыру тіректеріндегі тексеру қарау люктерін рұқсатсыз бөлшектеу жағдайы күрт өсті.



«Олар шам бағанасының түбіндегі металл қақпақтар. Бұл жерде шамның сымдары магистральдық кабельге қосылады. Люктер сыртқы жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу, кабельді ауыстыру және басқа жұмыстар үшін қажет. Жақында біз біреудің бұл люктерді шешіп, ұрлап жатқанын байқадық. Күзден бастап біз 2000 люкті ауыстырдық», - дейді Вадим Макаров.



Сонымен қатар, «Алматы Қала Жарық» дерегінше, қаскүнемдер сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын жиі бұзады. Бұл нысандар жоғары кернеуде және оларға бөгде адамдарға кіруге қатаң тыйым салынады. 




«Қаскүнемдер сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарындағы құлыптар мен есіктерді сындырып, автоматты ажыратқыштар өшіреді, соның кесіріне сыртқы жарықтандыру тобында тоқ болмай қалады. Біздің бригадалар шақыртуларға шығып, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафындағы сымдардың кесілгенін, ажыратқыштардың сынғанын немесе алынып тасталғанына, басқа жабдықтардың ұрланғанын немесе бүлінгенін көреді. Мұндай фактілер, әрине, сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіру үдерісін тежейді», - дейді компания өкілі. 



Соныменн қатар, «Алматы Қала Жарық» МКК деректері бойынша вандалдар торшерлі тротуар шамдарын да қиратады. Бұзақылар оларды жиі сындырады, жарық сөніп, қараңғы болумен қатар, мұндай жерлерде жалаңаш сымдар да қауіпті болады. Кәсіпорын қызметкерлері бірнеше ауданда зақым келтіру қиын торшерлі шамдарды орнатуға мәжбүр болды.


«Алматы Қала Жарық» компаниясы бей-жай қарамайтын азаматтардан зақымдалған сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтары, торшерлі шамдары мен тіректердегі ашық люктер анықталған кезде компанияның диспетчерлік қызметіне хабарлауды, ал бұзақылық әрекеттерге куә болғандарды полицияға қоңырау шалуды сұрайды.


Кәсіпорынның диспетчерлік пунктінің нөмірлері: 8(727)3902040; 8(727)3902060, 8(771)718-24-39, 8(771)718-24-56.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шам #Жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.