ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда шахматтан балалар арасындағы әлем чемпион...

Алматыда шахматтан балалар арасындағы әлем чемпионаты басталды

Алматы 19.09.2025, 18:59 408
Алматыда шахматтан балалар арасындағы әлем чемпионаты басталды
Алматы әкімдігі
Алматыда 8, 10 және 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионаты - FIDE World Cadet Chess Championships 2025 басталды. Турнирді өткізу Қала күнін мерекелеуге сәйкес келді....

Алматыда 8, 10 және 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионаты - FIDE World Cadet Chess Championships 2025 басталды. Турнирді өткізу Қала күнін мерекелеуге сәйкес келді. Салтанатты ашылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысты.

Чемпионатқа 88 елден 851 жас шахматшы, оның ішінде Қазақстанның 231 өкілі қатысады. Олардың ішінде 47 алматылық бар. Бұл қаланы еліміздің жас шахматшыларын даярлайтын басты орталықтарының біріне айналдырады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың айтуынша, Қазақстанда шахмат спорттың бір түрі ғана емес, білім берудің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. 
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында шахмат қарқынды дамып келеді. Өткен жылдың өзінде біздің спортшылар халықаралық аренада 160 медаль жеңіп алды. Бүгін шахматты бастауыш сыныптардың мектеп бағдарламасына енгізу мәселесі қарастырылып отыр. Өйткені бұл ойын балаларды логикаға, сабырға, зейінге және стратегиялық ойлауға үйретеді. Бұл мемлекеттің зияткерлік ұлт қалыптастыру бағытына сәйкес келеді», - деді ол.
 
Өз кезегінде Алматы әкімі Дархан Сатыбалды осындай ауқымды турнирді өткізу қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Бүгінде Алматы шахмат әлеміндегі ең айтулы жарыстардың бірін өткізіп отыр. Әсіресе, чемпионаттың қала күні қарсаңында өтуі ерекше мәнге ие. Бұл біз үшін құрмет әрі зор жауапкершілік. Түрлі елден келген 850-ден астам бала осында жиналып, өздерінің зердесін, талантын және табандылығын көрсетіп отыр. Шахмат – халықтарды біріктіретін, зияткерлік болашағын қалыптастыратын әмбебап тіл. Алматы қатысушылар үшін қонақжайлықтың, достықтың және жаңа жеңістердің қаласы болып қала беретініне сенемін», – деді Алматы әкімі.
 
Әлем чемпионаты 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарыс ұлдар мен қыздар арасында 8, 10 және 12 жасқа дейін алты санат бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Барлығы 11 тур өтеді, олар швейцарлық жүйе бойынша классикалық уақыт бақылауымен (90+30) ұйымдастырылады. Жарыс бағдарламасынан бөлек, жас шахматшыларды Шымбұлаққа экскурсия және мәдени шаралар қамтылған демалыс күні, сондай-ақ Satbayev University-де өтетін «Шахмат білім беруде» атты халықаралық конференция күтіп тұр.

Былтыр кадеттер арасындағы әлем чемпионаты Италияның Монтесильвано қаласында өтіп, 77 елден 700-ден астам шахматшы қатысқан еді. Алматыда қатысушылар саны 88 елден 851-ге жетіп, турнир тарихындағы рекорд орнатты. Бұл Қазақстанның қабылдаушы тарап ретіндегі жоғары сеніміне дәлел.

Әлем чемпионатының Алматыда өтуі Қазақстанды әлемдік шахматтың жаңа орталықтарының бірі ретінде нығайтып, елде бұл спорттың қарқынды дамып келе жатқанын айшықтай түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.