AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматыда шағын өнеркәсіптік парктер құру жобасы жү...

Алматыда шағын өнеркәсіптік парктер құру жобасы жүзеге асырылды

Экономика 02.07.2021, 10:28 2,017
Алматыда шағын өнеркәсіптік парктер құру жобасы жүзеге асырылды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында инвесторлар үшін жағдайлар мен перспективалы жобалар туралы айтты.
 


Е. Оразалиннің айтуынша, шағын және орта бизнес субъектілері үшін қолжетімді өндірістік алаңдар ұсыну мақсатында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша өнеркәсіптік парктер ашылуда.
 
Спикер өнеркәсіптік парктерді ұйымдастырудың тиімді жақтарына назар аударды. Біріншіден, бұл аймақ өз кәсібін жаңадан бастаған адамдарға жарамды, олар кәсіпорындарының табысты жұмыс істеуі туралы алаңдамайды. Екіншіден, өнеркәсіптік парктер  қала экономикасының өсуіне айтарлықтай үлес қосады: оларда жаңа жұмыс орындары құрылады, тауарлар мен қызметтер өндіріледі, шағын және орта кәсіпкерлік дамиды, бос қалған ғимараттар жөнделіп, жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Жалпы, мұның бәрі қалалық бюджетке қосымша салық ағынын қалыптастырады, сонымен қатар мегаполистің сәулеттік келбетін жақсартады.



 
"Бүгінде 10 өнеркәсіптік парктер бар, оның 4-і қалада 32 жалға алушымен іске қосылды. Жыл соңына дейін индустриялық аймақта тағы 4 паркте іске қосылды. Ал 2022 жылы тағы екеуін іске қосу жоспарлануда. Өнеркәсіптік парк мәртебесі Almaty Business аясында ұсынылатын барлық жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді», – деді Е. Оразалин.
 



Басқарма басшысы өнеркәсіптік парк құру жөніндегі жобаның маңыздылығын айтты, сондай-ақ кәсіпкерлер қолжетімді алаңдарда бизнес ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алады. Бір шаршы метр орынға 150 мың теңгеге орын сатып алу, бір шаршы метрге 1200 теңге көлемінде жалға алу мөлшерлемесінің тіркелген құны белгіленді.
 
Сондай-ақ кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма басшысы Алматыда ШОБ-ты қолдаудың түрлі бағдарламалары аясында кәсіпкерлік саласында 10 мыңнан астам жұмыс орнын құру туралы айтты, бұл мегаполис экономикасының дамуына әсер етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #бокс #Алматы #Оразалин #Кәсіпкерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);