ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Сергек» жүйесінің жаңа функциясы жалған...

Алматыда «Сергек» жүйесінің жаңа функциясы жалған нөмірлі көліктерді анықтауда

Әлеумет 26.04.2022, 14:31 1,687
Алматыда «Сергек» жүйесінің жаңа функциясы жалған нөмірлі көліктерді анықтауда
Сурет: Inbusiness.kz
171 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

171 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Алматыда «Қорғау Сергек» бағдарламасының көмегімен жалған нөмірлі көліктердің жүргізушілері анықталып, ұсталуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Алматыда «Қорғау Сергек» жүйесі 2021 жылдың қараша айынан бастап пилоттық режимде қолданылып келеді. Оның көмегімен жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген (ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 3,4 бөлігі) 171 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар, өткен тәулікте арнайы жарық-дыбыс және дауысты сигналдарды заңсыз пайдаланған екі көлік жүргізушісі, 7 мас жүргізуші көлікті басқарудан шеттетілді», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.



Оның айтуынша, қазіргі уақытта Алматыда жалған мемлекеттік нөмірмен жүретін, көлікке арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан және көлікті мас күйде жүргізген адамдарды анықтап, жауапқа тарту жұмыстары жалғасуда.



«Өткен тәулікте қала жолдарындағы «Қорғау Сергек» жүйесі жалған нөмір пайдаланған 11 жүргізушіні анықтады. Олар жалпы сомасы 12 миллион 680 теңгені құрайтын 790 құқықбұзушылық жасаған. Бұл көліктер арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды», - деді Манап Саттаров.



Айта кетейік, айыппұл салынғандар арасында 1992 жылы туған А.есімді азамат бар. Оған жол қозғалысы ережесін 92 мәрте бұзғаны үшін 1 млн 541 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.