AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда "Сергек" жүйесінде жаңа функционал іске қ...

Алматыда "Сергек" жүйесінде жаңа функционал іске қосылды

Заң мен тəртіп 17.02.2025, 15:39 1,047 dulatbekova
Алматыда "Сергек" жүйесінде жаңа функционал іске қосылды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда "Сергек" бейнебақылау жүйесі жаңа функционалмен толықты.

Жаңа жүйе жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейін арттыру мақсатында пилоттық режимде іске қосылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта ол Сәтбаев көшесінің бойымен, Достық даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейінгі учаскеде (оңтүстік және солтүстік жақта) тәжірибе жүзінде жұмыс істеп тұр. Бұл бейнебақылау жүйелері енді көліктердің тұраққа қою ережелерін, оның ішінде екінші қатарға көлік қою сияқты бұзушылықтарды да тіркейтін болады.

Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысына қатысушыларға Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелеріне (ҚР ЖҚЕ) сәйкес көліктерді дұрыс қою тәртібін ескертеді. Атап айтқанда 85-тармаққа сай, жол жиегіне параллель бір қатарға қоюға рұқсат етіледі. Ал 87 және 88-тармақтарға сәйкес, көлікті басқа жүргізушілердің қозғалысына кедергі келтіретін жерлерде, оның ішінде кіреберістер мен шығаберістерді, сондай-ақ кептеліс тудыруы мүмкін орындарды жауып қоюға тыйым салынады.

Сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚбК) 597-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жол қозғалысына кедергі келтіретін көлік қою ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл шамамен 39 320 теңгені құрайды. Егер айыппұл 7 күн ішінде төленсе, жеңілдік қарастырылып, 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде төленеді. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және қаладағы көлік қозғалысын қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сергек #Алматы #бейнебақылау #функционал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);