AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Алматыда Сенат депутаттарының сайлауы өтті

Алматыда Сенат депутаттарының сайлауы өтті

Сайлау-2023 14.01.2023, 08:05 1,472 Аlmaty-akshamy.kz
Алматыда Сенат депутаттарының сайлауы өтті
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Дауыс беру пункті републикалық Достық үйінен ашылды.


Бүгін Алматы қаласында ҚР Парламентінің Сенатына депутаттар сайлауы өтті. Саяси іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, қаланың аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерi, кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Дауыс беру пункті республикалық Достық үйінен ашылды. Таңдаушыларға кандидаттар жайлы ақпараттар беру үшін олар туралы мәліметтер мен суреттер бірыңғай форматта дайындалып, дауыс беру пунктіне кіре берістегі стендтерге ілінген.       



Сайлауға Алматы қаласынан жоғары палатаға сайланатын бір сенаторлық орын үшін өзін-өзі ұсыну жолымен төрт кандидат қатысты. Барлығы – әйел азаматтар. Алматы қаласының сайлау комиссиясы заң талаптары шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі» МКҚК директоры Жаниязова Жарқын Лепесқызын, «Youthart» ҚҚ директоры Бекмурзаева Кристина Юрьевнаны, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Көкебаева Гүлнар Ахметжанқызы мен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Асанова Жанна Бейсентайқызын тіркеген болатын.


Олардың біреуі - мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қызметкері, бір кандидат - мемлекеттік қызметші, біреуі - коммерциялық құрылымдардың қызметкері және тағы біреуі - қоғамдық ұйым өкілі. Мамандықтары бойынша: 2 заңгер, 1 инженер, 1 өнер саласының маманы, атап өтерлігі, бір кандидаттың екі мамандығы бар. Үміткерлердің орташа жасы - 45.



Таңдаушылардың бірлескен отырысынан кейін Алматы қаласы мәслихатының 38 депутатының 37-cі жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс берді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін аумақтық сайлау комиссиясы бірден оларды санап, хаттама толтырды.


Дауыс беру нәтижелерiн Алматы қаласы сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова жариялады. Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына сайлау бойынша кандидаттар  Ж.Асанова 23, Г.Көкебаева 8, К.Бекмурзаева 3, Ж.Жаниязова 2 дауыс алды. Бір депутат бәріне қарсы дауыс берді. 



Дауыс берудің нәтижелері туралы хаттама Орталық сайлау комиссиясына жөнелтілді. Сондай-ақ бекітілген регламентке сәйкес, дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының электронды функционалына енгізілді.      


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сенат сайлауы #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);