AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда сарбаздар волейбол жарысын қыздырды

Алматыда сарбаздар волейбол жарысын қыздырды

Спорт 05.02.2023, 04:18 1,899 Аlmaty-akshamy.kz
Алматыда сарбаздар волейбол жарысын қыздырды
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Спорттық бәсекеге әскери қызметшілер қатысты.


Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында волейболдан чемпионат өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Спорттық бәсекеге Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз және Талдықорған қалаларынан келген тоғыз команда қатысып, өзара бақ сынады. Әр команда құрамында алты әскери қызметшіден болды.


Жарыстың шымылдығын түрген «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Константин Қуатов алғы сөзінде волейболдан өздерінің шеберлігін көрсету үшін әр қаладан келген командаларды құттықтап, жеңіс тұғырынан көрінулерін тіледі.



«Жеке құрамның спортпен шұғылдануына мол мүмкіндіктер жасалуда. Физикалық дене күштерін шынықтыру өте маңызды», - деп атап өтті.



 Ойын өте қызу тартысты өтті. Әр команда ұйымшылдықпен әдемі ойын өрнегін көрсетіп, қарсылас командалар волейбол сеткасына ұпай салумен болды. Шаршы алаңдағы тартысты ойын 6506 әскери бөлімі мен 5513 әскери бөлімдерінен келген командалар арасында өрбіді.


Алғашқы минуттарда Шымкент қаласының командасы шабуылдарын үдетіп жойқын соққылар жасап, есепті еселеп алды. Ұпай санымен артта қалғанын сезген тараздық спортшылар да қарап қалмай, ойын тізгінін өз иеліктеріне алған олар қарсылас команданың қателіктерін ұтымды пайдаланып ұпай санын теңестіре білді. Ойын аяқталуына бірер минуттар қалғанда қос команданың ойыншылары байрақты бәсекеде барын салды. Нәтижесінде ширақ қимыл танытқан тараздықтардың бағы жанып, мерейі үстем болды.



Тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша алдына жан салмаған Тараз қаласынан келген 5513 әскери бөлімінің командасы чемпион атанды. Жүлделі екінші орынды Шымкент қаласының 6506 әскери бөлімі иеленді. Ал үшінші орынды Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің командасы місе тұтты.



Жеңімпаздар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының атынан кубок, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар ойын барысында белсенділігімен көзге түскен Ермек Сұрабалдинов «Үздік байланыстырушы», Игорь Лопатин «Үздік ойыншы», Жанабек Мақшатов «Үздік шабуылшы», Ерназар Лесбеков «Үздік қорғаушы» номинацияларына ие болды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #волейбол #Сарбаздар жарысы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);