AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Сапалы өнім» тұтынушылардың құқықтарын қ...

Алматыда «Сапалы өнім» тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша әлеуметтік жоба қалай жұмыс істейді?

Әлеумет 15.03.2024, 07:57 823
Алматыда «Сапалы өнім» тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша әлеуметтік жоба қалай жұмыс істейді?
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жоба тұтынушыларды контрафактіліктен, қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауы керек.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР сауда және интеграция министрлігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының Алматы қаласы бойынша орынбасары Нұрлан Абдиев айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2023 жылы Департаментпен E-Otinish, ESDGO, E-Tutynushy және telegram-бот электронды жүйелері арқылы түскен 8 мыңнан астам азаматтардың өтініштері қаралды. Шағымдардың көп бөлігі электронды коммерция, бөлшек сауда және сапасыз медициналық қызмет көрсету саласы бойынша келіп түсті.


Ол өткен жылдың соңында тұтынушылардың, ішкі нарықтың және отандық өндірушілердің құқықтарын қорғауға бағытталған «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілгенін еске салды.



«Жобаның негізгі міндеттері: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдар өкілдерін, сондай - ақ кәсіпкерлік қоғамдастықты отандық өндірушілер мен тұтынушыларды ішкі нарықтағы сапасыз шетелдік өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға тарту, сондай-ақ ақылға қонымды бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады», - деді Н. Абдиев.



Қазіргі уақытта «Сапалы өнім» қоғамдық әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері «Сапалы өнім» тұжырымдамасы шеңберінде сауда орындарында сапасыз тамақ өнімдерін анықтау мақсатында үнемі мониторинг жүргізеді.


ӨКҚ спикері атап өткендей, қоғамдық ұйымдар Ұлттық сараптама орталығының өкілдерімен бірлесіп импорттық сүт өнімдерін, ет өнімдерін, шұжық өнімдерін іріктеп, сараптамаға ұсынғанын атап өтті. Олардың ішінде бірқатар өнімдерде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы нормативтердің бұзылуы анықталды. Атап айтқанда, біз өнімнің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, мәлімделген сипаттамалар мен құрамына, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі (мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы, май-қышқыл құрамының сәйкес келмеуі, бактериялардың табылуы) сияқты бұзушылықтар туралы айтып отырмыз.


«Сапалы өнім» жобасын іске асыру тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың қоғамдық бақылау құралы арқылы жүзеге асырылады.
Жол картасы арқылы келесі жұмыстарды жүргізу қарастырылуда: 
- сапалы отандық өнімнің имиджін және танылуын қалыптастыру мақсатында «Сапалы өнім» халықтық сапа белгісін бекіту.
- бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық жобаның нәтижелері мен іске асырылу барысы туралы халықты кеңінен хабардар ету.



«Нәтижесінде аталған жоба таныла түсіп, отандық бренд ретінде тұтынылуы тиіс», - деп түсіндірді Н.Абдиев. 



Сондай-ақ, ҚР сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті Алматы қаласы бойынша тұрақты негізде қоғамдық ұйымдармен бірлесіп сапасыз тамақ өнімдерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сапалы өнім #әлеуметтік жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);